Page 45 - 7.3.1
P. 45
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қожанасырдың есек суаруы special-edu.kz.
Күндердің бір күні Қожанасырға әкесі есекті суарып
келуді тапсырады. Оған Қожанасыр:
– Жоқ, бара алмаймын,– депті.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Иә, неге?
– Ернім жарылып кетіпті, – деп жауап беріпті Қожа-
насыр.
Әкесі ашуланып:
– Есекті суаруға еріннің қандай қатысы бар? – деп ұр-
сыпты. Сонда Қожанасыр:
– Есек су ішіп тұрған кезде мен «ішт-ішт» деп ысқы-
рып тұруым керек емес пе? – депті.
1. Мәтінді іштей оқы. Қожанасыр есек суаруға еріннің
қатысын қалай түсіндірді? Мәтіннен тауып оқы.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Аңыз кім туралы? special-edu.kz.
2. Қожанасырға әкесі нені тапсырды?
3. Ол неге есекті суарудан бас тартты?
4. Әкесі Қожанасырға неге ашуланды?
1. Тірек сөздерді пайдаланып Қожанасырға мінездеме бер.
Тірек сөздер: қарапайым, тапқыр, әзілқой, қу, аңқау, мейірімді.
3. Қожанасыр қандай қылығымен танымал?
1. Аңыз кейіпкерлерін ата.
2. Қожанасырдың қандай мінезі саған ұнады?
Ырыс жайлы аңыз
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып,
шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдағы сыйлы кісінің үйіне
дәл түскен екен. Ол да өте қонақжай екен. Түннің бір
уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қо-
нақ жай қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан-жануардың
тілін меңгерген ғалым адам болатын.
– Қонақтың атын жеймін! – деп ауыл сыртынан ұлыған
қасқырдың дегеніне үй иесінің иті:
– Қонағымның атын жер болсаң, сені адамдарға ұстап
беремін, – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса:
43
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.