Page 41 - 7.3.1
P. 41

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                     Аңыз әңгімелер                                              special-edu.kz.

            Аңыз әңгімелер – халық ауыз әдебиетінің бір жанры.
        Көбінесе тарихта болған адам туралы құрылатын шығар-
        ма. Аңыз әңгімеде адамның басынан өткен жайттар мен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        қиял-ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңызда-
        рында  Асанқайғы,  Жиренше,  Қорқыт  сияқты  ерекше
        жандар мен Алдаркөсе мен Қожанасыр сияқты ел ішінен
        шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады.
            Қазіргі  заманда  да  аты  аңызға  айналған  халық  та-
        нитын адамдар бар. Олардың ерлігі, адамдарға жасаған
        мейірімділігі аңызға айналып, ел арасында таралып жүр.
            Асанқайғы  Сәбитұлы  XІV  ғасырдың  аяғы  –  ХV  ға-
        сырдың басында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын,
        жырау,  би.  Жәнібек  ханның  ақылшысы  болған.  Асан
        өмір  бойы  тыным  таппай  «Жерұйықты»  іздеді.  Ол  көп
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жағдайда елі үшін қайғырған. Сол себепті Асанның аты-
        на «қайғы» сөзі қосарланып айтылады.


                қиял-ғажайып – ойдан шығарылған, өмірде
                болмайтын жайттар


                1. «Аңыз» дегеніміз не?
                2. Асанқайғы кім?
            3. Неліктен ол Асанқайғы аталып кетті?
            4. Аңыз әңгімеде қандай жағдайлар әңгімеленеді?
            5. Аңыз әңгімелердің қандай кейіпкерлерін білесің?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                       Асанқайғының жерұйықты іздегені


            Асанқайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық»
        дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой
        үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.
            Асанқайғы  Маңғыстауға  үш  барып,  үш  қайтыпты:
        «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер
        болмас», – депті.



                                                                                     39
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46