Page 42 - 7.3.1
P. 42

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                 Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының әр                                 special-edu.kz.
             бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс», – депті.
                 Осы  күнгі  Мерке  жеріндегі  Аспараны  көргенде:  «Ей,
             Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» – деп
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             жүріп кетіпті.
                 Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай қой семір-
             мес», – деп Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
                 Әулиеатаның  батысындағы  жуалы  жерін  көргенде:
             «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май
             екен, қадіріңді егін салған ел білер», – депті.
                 Қарсақбай аймағын көргенде (Жезқазған жері): «Ай-
             налаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың
             ашықпас!» – деп жүріп кетіпті.
                 Шыңғырлау өзенін көргенде, Асан түсе қалып, Желмая-
             сын суарады: «Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау сен
             құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» – деп қонып кетіпті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Аса  шұрайлы  қоныс,  нулы  өлке  іздеумен  өмір  бойы
             Желмаясымен  желіп  өткен  екен.  Содан  Ұлытаудың  бас
             жағына келіп дүние салыпты.

                     жерұйық – құтты мекен
                     желмая – түйенің бағалы тұқымының бірі
                    бозторғай жұмыртқалайтын қоныс – тыныштық
                    орнаған жер
                    қоныс – тұруға, өмір сүруге болатын жер


                        1. Әңгімені түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     2. Асанқайғы қандай қоныс іздеді?
                 3. Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы не?
                 4. Ол көрген жерлеріне қандай баға берді?
                 5. Қазақстан картасынан Маңғыстауды тауып көрсет.
                     1. Асанқайғының Жетісу, Мерке, Баянауыл жерлерін аралап
                 айтқан сөздерін мәтіннен тауып оқып бер.
                 2. «Ағашының әр бұтағы жеміс, шаруаға жақсы қоныс екен»
                 деп қай өңір туралы айтты?

                     1. Жезқазған жері туралы айтқан ойын тауып оқы.
                 2. Жезқазған жерінен қандай пайдалы қазба алынады?
                 3. Ол жер неге «Жезқазған» деп аталады?
             40
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47