Page 39 - 7.3.1
P. 39

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Байлық пен ақыл                                              special-edu.kz.

            Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын
        жинап алып:
            – Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыт-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        тарың  жетті.  Кімнің  ақылы  байлығына  сай  болса,  сол
        мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарың мен
        ақылды екендеріңді көрсетулерің керек, – дейді.
            Әкесінің  бұл  сөзін  өздерінше  түсінген  ұлдары  дереу
        байлықтарын жинап келеді.
            Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
            – Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақыл-
        ды, – депті. Әкесі үлкен ұлына жауап бермейді.
            Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
            – Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығым-
        ның  алдында  бас  иеді,  –  дейді.  Әкесі  екінші  ұлына  да
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жауап бермейді.
            Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белді-
        гін буынады да:
            –  Мұндай  белдікті  ешкім,  ешқашан  буынып  көрген
        емес, – дейді.
            Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең
        кіші ұлына бұрылып:
            –  Сен  неге  үндемейсің?  Сен  қандай  байлығыңмен
        мақтанасың? – дейді.
            Сонда кенжесі:
            –  Менде  асыл  тасты  жүзік  те,  сәнді  киім  де,  ал-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        тын-күміспен  апталған  белдік  те  жоқ.  Тек  жұмысқа
        жарамды  екі  қолым  бар,  қайрат-жігерге  толы  жүрегім
        бар, – дейді.
            Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
            – Жұмыс істей білген адам жұтамайды, – деп, өзінің
        кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды.
            Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, тала-
        бын орындауды өсиет етеді.



                                                                                     37
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44