Page 35 - 7.3.1
P. 35

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                       Жыл басына таласқан хайуанаттар                                           special-edu.kz.





 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.











            Ерте заманда хайуанаттар жылдың басы болуға тала-
        сыпты. Сонда жылқы айтыпты:
            – Мен алысты жақын қыламын. Күшімді пайдалана-
        ды, сүтімді ішеді, қылымнан арқан, жіп еседі. Адамға
        менен  пайдалы  мал  жоқ,  жыл  ағасы  мен  боламын,  –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        дейді.
            Түйе айтады:
            –  Сен  адамның  жұмысын  қылсаң,  сұлы,  шөп  үшін
        құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,
        алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұра-
        маймын. Жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек
        етемін.  Табылса,  су  ішіп,  табылмаса,  шөлде  де,  жолда
        жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
            Сиыр айтады:
            – Адам егін ексе, менімен егеді. Сүтімді ішеді, құрт-
        май істейді, жыл басы болу маған лайық.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Қой айтады:
            – Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімді
        алып, киіз басады. Жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп
        еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалы-
        ларың жоқ.
            Ит айтады:
            – Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр
        жеп  тауысар  еді.  Мен  сендердің  барлықтарыңды  күзе-
        темін. Дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.


                                                                                     33
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40