Page 28 - 7.3.1
P. 28
special-edu.kz.
special-edu.kz.
– Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан special-edu.kz.
кейін ал, – дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя
береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұр-
сады. Шал:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Қой, сен түк білмейсің! – деп, сөзін тыңдамай жүре
береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады.
Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр
екен. Келіп түйешіден:
– Бұл кімнің түйесі? – десе:
– Бұл Қазбайдың түйесі, – дейді. «Бұл Қазбай – баяғы
қаз екен», – деп, шал ойланып тұрып жүріп кетеді. Бір
жерге келіп:
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
– Бұл Қазбайдың қойы, – дейді. Шал жаңағы қойшы
баладан:
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? – дейді.
Бала шалға:
– Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қаза-
ным, піс!» – десе, әртүрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі:
«Құс, есегім құс!» – десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі:
«Ұр, тоқпағым, ұр!»– десе, адамдарды ұра береді, – дейді.
– Мақұл, – деп шал жүріп кетеді.
1. Бөлімге тақырып қой.
2. Шал мен кемпірдің тұрмыс жағдайлары қандай болған?
3. Шалдың тұзағына не түсті?
4. Шал қазды неліктен босатып жіберді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Кемпір неге ашуланды?
1. Ертегінің бірінші бөлімін түсініп, рөлге бөліп оқы. Өзіңе
қызық болған жерін өз сөзіңмен әңгімелеп бер.
2. Үш сиқырлы нәрсенің қандай қасиеттері бар? Мұғалімнің
көмегімен мәтіннен тауып оқы.
1. Ертегідегі негізгі кейіпкерлерді ата. Қаздың шалға айтқан
өтінішін мәтіннен тауып оқы.
2. Суретте ертегінің қай кезі бейнеленген?
26
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.