Page 114 - 7.5.1
P. 114
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Соя – жылу сүйетін біржылдық special-edu.kz.
өсімдік. Оның тұқымы 8 градус-
тан төмен болмайтын жылылықта
өнеді, ал өскіндері 2 градус суықта
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
өліп қалады. Сондықтан соя да үр-
мебұршақ сияқты біздің еліміздің
оңтүстігінде ғана өседі. Бұл өсімдік
топырақтың ылғалды болуын, әсі-
ресе гүлдеген және жемістерінің піс-
кен кездерінде өте қажет етеді.
Суреттегі соя өсімдігіне қара.
Сояның сабағы сұрпына қарай тік
немесе жер бауырлап өседі, қатты 127-сурет. Соя
сабақтанады. Сызба жоспар бойын-
ша сояның құрылысы туралы айтып бер. Соя – бұршақ
тұқымдастардың ішіндегі ең бағалы дақыл. Сояның ақуызы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сіңімді, сапасы еттен кем түспейді. Соя ет пен сүттің орны-
на қолдануға болатын пайдалы және арзан алмастырушы
ретінде пайдаланылады. Ол үй жануарлары жемінің құра-
мына да кіреді. Сояда дәрумендер мен минералды тұздар
бар. Тұқымы соя майына бай. Соядан дайындалған тағам-
ның құрамындағы пайдалы заттардың көп болуына байла-
нысты оны емдік және диеталық тағам түрінде де ұсынады.
Үрмебұршақ пен соя – өте бағалы тағамдық бұршақ тұ-
қымдастар. Екі өсімдік те Қазақстанның оңтүстік аудандарында
өседі. Олардың бұршақ тұқымдастарына тән тамыры, гүлі, жемісі
мен тұқымы болады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Үрмебұршақ. Соя. Соя майы.
1. Үрмебұршақтың құрылысы қандай?
2. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы туралы не білесің?
3. Адамдар үрмебұршақты неге өсіреді?
4. Адамдар сояны неге өсіреді?
5. Асүйде қандай бұршақ тұқымдастарының өкілі бар?
6. Қандай өсімдікті (үрмебұршақ немесе соя) сәндік өсімдік
есебінде пайдаланады?
Жұмыс дәптеріндегі № 126, 127, 128-тапсырмаларды орында.
112
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.