Page 22 - 7.5.3
P. 22

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           қажетті жапырақтарды таңдауды ұсынады. Оқушылар өз таң-
           дауларын түсіндіреді.
              Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін талдайды және са-
           лыстырады, оларды жіктейді. Кейін ұсынылған талдардан
           ағаштың талдарын таңдап, оларды сипаттайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Мысалы: «Қайың тік, ақ діңгекті. Жерден бір діңгек өсіп
           шығады. Ол – ағаштектес. Қайың – ағаш», «Қарағай – ағаш,
           өйткені оның діңгегі қатты, ағаш тектес, діңгек қызыл түсті
           қабықпен қапталған, сыртында шайыры бар».
              Кейін ағаштар мен бұталардың талдары салыстырылады.
           Оқушылар талдарды сындырып, оларды түсі, иісі бойын-
           ша салыстырып, ерекше белгілерін анықтайды. Ағаш пен
           бұтаның талдарының қатты екендігін анықтайды, ағаштың
           діңгегі біреу, бұтаның бірнеше ағаштекті сабақтары болады.
              Осылайша ағаш пен бұтаның ерекше белгілері анықталды.
              Салыстырмалы талдау барысында және практикалық тал-
           дау қызметін жүзеге асыру кезінде шөп өсімдіктердің саба-
           ғының шырынды, ал ағаш және бұта талдарының қатты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           екендігі анықталды. Аталмыш белгі берілген нысандардың
           ерекше белгілеріне жатады.
              Оқушылардың  білімін  бекіту  үшін  дәптерге  тапсырма
           беріледі.
              Интегративтік қызметтің нәтижесінде оқушылар нысан-
           дардың ерекше белгілерін бөліп көрсету арқылы өсімдіктерді
           топтар  бойынша  дұрыс  жіктеуді  үйренді.  Интегративтік
           қызмет жинақтау үдерісін дамытуға жағдай жасады.
              Оқушылардың  жаратылыстану  бағытындағы  білімін
           талдау кезінде олардың материалды толық әрі саналы түрде
           меңгергенінің көрсеткіштері:
              а) білімнің көлемі;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              ә) олардың пәндік қатысымдылығы;
              б)  жалпы  және  жеке,  жалпы  және  жалғыз  өзара  бай-
           ланыстарын түсіну;
              в) құбылыстар арасындағы себептік-салдарлық байла-
           ныстарды түсіну;


           20
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27