Page 20 - 7.5.3
P. 20
special-edu.kz.
2-сабақтың үзігі. special-edu.kz.
Сабақтың тақырыбы. Гүлдің құрылымы
Сабақтың мақсаты: гүлдің негізгі бөліктерін: гүлшелерді,
гүл күлтелерін, аталықты, аналықты ажырата білуді оқушы-
ларға үйрету.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Жабдықталуы: табиғи гүлді өсімдіктер, желім, парақ.
Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша білімін тексеріп,
олардың «гүлше», «гүл күлтелері», «аталық» және «аналық»
ұғымдарын ажырата алмайтындарын анықтайды.
Білімдегі осы кемшіліктерді ескере отырып, мұғалім тал-
дау сипатындағы практикалық әрекеттерді орындайды.
Бір оқушы гүлдің қандай да бір бөлігін атайды. Мысалы,
гүл күлтелерін. Өзге оқушылар гүл күлтелерін іздеп, олардың
әрқайсысын бөледі, санайды, түсін анықтайды және параққа
желімдейді. Олардың астына «Гүл күлтелері» деп жазады.
Гүлдің өзге де бөліктерін: гүлшелерді, аталықтарды, ана-
лықтарды дәл осылай бөледі (олардың биологиялық атау-
лары нақтыланбайды).
special-edu.kz. special-edu.kz.
Мұғалім қышабастың, құлқайырдың, қызыл сары бақша
гүлінің гүлдерін өзбеттерімен бөліктеуді ұсынады және жоға-
рыдағыдай жұмысты қайталайды.
Осындай талдау жұмысы гүлдің құрылымын меңгеріп, есте
сақтауға жағдай жасайды әрі оқушыларға өзге өсімдіктердің
гүлдерін талдау тәсілдерін меңгертеді.
Басты белгілерін бөліп көрсету мақсатында нысандарды
бөлу бойынша практикалық қызмет немесе интегративтік
қызмет зерде бұзылысы бар оқушылардың талдау, жинақ-
тау, логикалық ойлау үдерістерін дамытады.
3-сабақтың үзігі.
Сабақтың тақырыбы. Тамыр түрлері
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сабақтың мақсаты: балаларға кіндікті және шашақты
тамырларды ажыратуды үйрету.
Жабдықталуы: кіндікті және шашақты тамырлары бар екі
өсімдік (әр партада).
Мұғалім тамырлары әртүрлі бірнеше өсімдікті көрсетеді,
18