Page 15 - 7.5.3
P. 15

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             ә)  тоғыстырушы  –  орындау  барысында  оқушылар
           нысандардың  маңызды  белгілерін  ерекшелеп,  оларды
           белгілі топқа жатқыза алады. Бұл оқушылардың заттар,
           өзге заттар жүйесіндегі олардың орындары туралы тұтас
           түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі;
                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                 Талдау әрекеттері
             б) іздеу – нысандардың немесе үдерістердің жасырын
           ішкі қасиеттерін дұрыс түсіну, олардың арасындағы байла-
           нысты анықтауға мүмкіндік береді.



              Жаратылыстану нысандарын талдау сызбасы

             Өсімдікті талдау:
             1. Мұғалім  өсімдік  түрін  және  оның  негізгі  бөліктерін:
                тамырын,  сабағын,  бүрі  мен  жапырақтарын,  гүлін,
                жемістері мен дәндерін атайды.
             2. Аталған бөліктердің белгілі өлшемдер бойынша (көле-
                мі, формасы, түсі, дәмі және т.б.) қысқаша сипаттамасы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. Өсімдіктің өмір сүруінің негізгі шарттары.
             4. Өсімдіктің және оның бөліктерінің табиғаттағы, адам
                өміріндегі маңызы.
             Өсімдіктің жеке бөлігін және оның қасиетін талдау.
             Өсімдіктердің әр бөлігінің ерекше морфологиялық белгі-
           лерін бөліп көрсету арқылы жүргізіледі. Өсімдік бөліктерінің
           морфологиялық сипаттамалары келесі маңызды сөздермен
           беріледі: саны, көлемі, формасы, түсі, қаттылығы, иісі,
           дәмі,  үстіңгі  қабатының  қасиеті.  Қажеттілік  болса,
           анатомиялық қабілеттеріне де жүгінуі мүмкін: басты ішкі
           бөліктері,  олардың  арасындағы  байланыс  және  физио-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           логиялық  қасиеттері  (суды,  минералды  заттарды  өткізу
           қабілеті,  пайдалы  заттарды  жинау  және  т.б.).  Талдау
           төмендегідей жүргізілуі мүмкін:

             1. Өсімдіктерді және олардың сабақта оқыған мүшесін
                атау.


                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20