Page 14 - 7.5.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ
ТҮЗЕТУ-ПРАКТИКАЛЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
Арнайы мектептің оқушысы жаратылыстану бағытындағы
ұғымдарды меңгеру кезінде қиындықтарға тап болады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бұл оқыту барысында кей мұғалімдердің дайын білімді
сөздік-көрнекілік құралдар арқылы беретіндігімен бай-
ланысты. Бұл кезде оқушылардың практикалық қызметі
педагогикалық үдерістің соңғы сатысында ғана жүзеге
асады. Оқушылардың практикалық қызметін оқу үдерісіне
қосу жағымды нәтиже бере бермейді, өйткені қызметтің
түзету-көмектесу мәні болмайды. Оның үстіне, практикалық
және ақыл-ой қызметінің үйлесімі нақты көрінетін түзету
бағытында әсер ету мақсатын қоя бермейді.
Төмендегі мәселелер қамтылған кезде практикалық
қызмет түзетуге бағытталуы мүмкін:
1) қиын меңгерілетін әр тақырып бойынша түзету үшін
special-edu.kz. special-edu.kz.
маңызды практикалық қызметті алдын ала іріктеп алып
меңгерту;
2) алынатын білімнің толық бейнесін көрсететін дағылар
мен ақыл-ой және практикалық қызметті дайындалған
оқыту жүйесіне енгізу;
3) практикалық әрекеттерді ой елегінен өткізу мүмкіндігі;
4) білімді меңгеру мен қолдануды бірыңғай үдеріске оң-
тайлы біріктіру.
Көп жағдайда оқушылар нысандарды сыртқы, кейде
ерекшеленбеген және анық емес белгілері бойынша сипат-
тайды. Мысалы, «үлкен тамыр», «ұзын сабақ», «кішкентай
жеміс» және т.б. Осы кемшіліктердің орнын толтыру үшін
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқу үдерісіне түзету мәні бар арнайы практикалық қызметті
енгізу қажет.
Өздерінің функционалды мақсаттары бойынша олар:
а) талдау – орындау барысында нысанның құрылымына
талдау жүргізіледі, оның сыртқы белгілері ерекшеленеді;
12