Page 12 - 7.5.3
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқушыларға мазмұны бойынша әртүрлі зертханалық
жұмыстар ұсынылады. Зертханалық жұмысты жүргізу фор-
масы әртүрлі болуы мүмкін. Алғашқы зертханалық жұмыстар
бақылау негізінде жүргізіледі. Осы бақылау барысында
оқушылар логикалық тұрғыда негізді нәтижелер шығаруға
мүмкіндік беретін белгілі шынайы материал жинақтайды
special-edu.kz. special-edu.kz.
(мысалы, «Гүлді өсімдіктің бөліктері»). Зертханалық жұмыс-
тың екінші түрі – мұғалім ұсынған ережелерді, тұжырымдарды,
нәтижелерді дәлелдеу (мысалы, «Картоп түбінің құрылымы»).
Кез келген зертханалық сабақ құрылымы бойынша:
а) кіріспеден;
ә) жұмыстан;
б) қорытынды әңгімелесуден тұрады.
Зертханалық жұмыстарды өздігінен сәтті орындау үшін:
• тарату материалын алдын ала дайындау («тірі» немесе
тіркелген түрдегі шынайы нысандар);
• жұмыс барысын саты бойынша нұсқау;
• зерттеу нысанын толық түсінуге мүмкіндік беретін қо-
special-edu.kz. special-edu.kz.
рытынды тапсырмалар немесе сұрақтар қажет.
Зертханалық жұмыстарды әдістемелік ұйымдастыруға
келесі талаптар қойылады:
• зертханалық сабақтың мазмұнына тікелей қатысы бар
білім мен білік, дағды қорын оқушылардың жадынан
жаңғырту;
• алда болатын зертханалық сабақтың міндеттерін анық-
тау;
• оқушыларға нұсқау беру;
• әр оқушыны белсенді жұмыс жасауға, қатал тәртіпке
және мұқияттылыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға
баулу.
special-edu.kz. special-edu.kz.
• оқушылардың өзіндік жұмыстарын толық аяқтауға дейін
жеткізу;
• тапсырманы орындау барысында қателесетін немесе
қиындыққа тап болған оқушыларға уақтылы көмек
көрсету;
10