Page 13 - 7.5.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             • оқушылардың жұмыс дәптерлеріне тәжірибелер мен
                бақылаулар нәтижесін жаздыру.
             Көрсетілген талаптар баяу орындалады, ол оқушылардың
           өздігінен зертханалық жұмыс жүргізу дағдылары мен білік-
           терін меңгеру деңгейіне тәуелді:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             •  мұғалімнің көрсетуі және сөздік нұсқауы бойынша;
             •   жартылай көмек көрсету арқылы сөздік нұсқау бойынша;
             •   өз бетімен сөздік нұсқау бойынша;
             •   өз  бетімен  оқулықтағы  нұсқаулық  бойынша  тәжі-
                рибелер жүргізу.
             Зертханалық жұмыстардың тиімділігін арттырудың келесі
           маңызды шарты – жасалған жұмыс нәтижелері туралы ой
           талқысынан өткізілген қорытынды әңгіме.
             Зертханалық жұмыстардың тиімділігіне мектептің жабдық-
           талуы және тарату материалдары әсер етеді. Әр оқушы
           қажетті жабдыққа ие болуы тиіс, өйткені ол барлық сыныпты
           өз бетімен тапсырма орындауға жұмылдыра алады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Көбіне зертханалық сабақтар 3-4 оқушының қатысуымен
           жүргізіледі. Олар оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша
           әртүрлі топқа жатады. Бұл жағдайда бір оқушы ғана тапсыр-
           маны орындайды, басқалары бақылайды. Бұл алынған білім
           мен практикалық дағдының сапасына әсер етеді.
             Тірі табиғатты зерттеу мақсатындағы практикалық жұмыс-
           тар (бөлме өсімдіктерін қайта отырғызу, топырақты қопсыту)
           екі мақсатты көздейді:
             •  оқушылардың қажетті практикалық дағдыларын қалып-
                тастыру;
             •  теориялық білімді практикалық әрекетке ұластыруға
                үйрету.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Оқулықта практикалық жұмыстарға және экскурсияларға
           дайындауға қажетті теориялық материал берілген.
              Өздігінен практикалық жұмысқа әр оқушының қатысуы
           үшін  оқушылардың  барлық  топтарының  мүмкіндіктерін
           ескерген тапсырмалар ұсынылады.


                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18