Page 11 - 7.5.3
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛЫҚТАР
Арнайы мектептегі зертханалық жұмыстың негізгі мақса-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ты – оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын
және олардың байқампаздық қабілетін дамыту. Педагог
жүргізетін зертханалық жұмыстар мен тәжірибелер оқу-
шыларға нысандардың ерекше белгілерін көрсетіп, зерттеу
негізінде қорытынды жасауға үйретеді.
Зертханалық жұмыстар, негізінен, жаңа білімге ие болу
мақсатында жүргізіледі, дегенмен жаңа білімді бекіту мақ-
сатында да орындалуы мүмкін. Оқыту барысында аталмыш
әдіс түсіндірумен, байқаумен, көрсетумен үйлесім табады.
Теориялық материалмен оқушыларды таныстырған
соң зертханалық сабақтар жүргізіліп, мұғалім сөзінің
дәлелі бола алады. Ал кей жағдайларда оқушылар жүргіз-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ген тәжірибе негізінде жаңа білім алып, мұғалімнің басшы-
лығымен қорытындылар мен нәтижелер шығарады.
Зертханалық сабақ деп келесі түрде жүзеге асатын
оқушының кез келген өзіндік әрекетін атаймыз:
1. Сабақ сыныпта жүргізіледі.
2. Оқушылар бақылау және тәжірибе жасау әдістерін
пайдалана отырып өз беттерімен жұмыс жасайды.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарына бағдар береді және
бақылауда ұстайды.
Бақылаудың екі түрі болады: сырттай қарау (зерттелетін
нысанға әсер етпейді) және әрекеттік (зерттеу нысаны-
на әсер ете отырып). Сырттай қарау бақылауына мысал
special-edu.kz. special-edu.kz.
ретінде өсімдіктің бөліктерін: гүлін, тамырын, сабағын, жапы-
рақтарын, бүршіктерін, түптерін, пияздарын қарауды келті-
руге болады, ал әрекеттік бақылау биологиялық денелердің
қасиеттерін: қаттылығын, тегістігін, иісін және т.б. анықтау
кезінде жүзеге асады.
9