Page 8 - 7.5.3
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           материалды жинақтап, нақты ұғым ретінде есте сақтауға,
           алынған білімді өзектілендіруге мүмкіндік береді.
              Оқулық мәтінінде маңызды ұғымдарды және жаңа тер-
           миндерді өзге қаріппен белгілеп, мақала соңында негізгі
           сөздерді және нәтижелерді ерекшелеу арқылы логикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           фрагменттерге (абзац) бөлу мәтінді ұғынуға мүмкіндік береді.
              Білім алуды жекешелеу және жіктеу оқу материалдарын
           жеткізудің әртүрлі формаларының көмегімен жүзеге асады.
           Оқулықтың әртүрлі деңгейдегі қолжетімділігі мәтіндердің
           мазмұнын таңдау және оларды құрылымдау арқылы жүзеге
           асырылады. Оқулықта мәтіндер аз және негізгі деңгейлерге
           бөлінген.
              Негізгі  мәтін  –  бұл  оқулықтағы  күрделілігі  2  және
           3-деңгейлеріндегі  материалдарды  меңгерген арнайы мек-
           тептің оқушыларының басым бөлігіне (жақсы  және орташа
           оқитын  оқушылар) арналған бағдарламалық материал.  Ең
           қысқа мәтін түсті жиекте берілген. Ол жақсы  және орташа
           оқитын  балалар  үшін  қысқаша  ақпарат  (тұжырымдама),
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ал 1-деңгейдің  материалдарын меңгеретін нашар оқитын
           балалар үшін негіз ретінде берілген.
              Қысқа мәтін түрлі түсті жиектемеге орналасады. Ол үздік
           және орташа оқитын оқушыларға қысқаша ақпарат (нәтиже)
           ретінде берілсе, 3-деңгейдегі материалды меңгеру үстіндегі
           нашар оқитын балалар үшін меңгерілуі қажет негізгі оқу
           материалы қызметін атқарады.
              Қысқа мәтінде көп биологиялық мәліметтер, атаулар мен
           терминдер берілмейді, тезис түрінде жазылады.
              Оқулық  соңында  білім  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік
           беретін сұрақтар беріледі. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма-
           лар оқыған материалды бекітуге, сондай-ақ пәндік білімді
           қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Оқулықта сұрақтардың екі түрі берілген: мәтіннен жауапта-
           рын табуға болатын сұрақтар және оқыған материалды тал-
           дау арқылы дұрыс жауап беруге болатын сұрақтар. Аталмыш
           сұрақтар салыстырумен, басты және қосымша мәселерді



           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13