Page 10 - 7.5.3
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              ОӘК-те ұсынылған тапсырмалардың әртүрлі дидакти-
           калық жүктемесі болады: білімді бекіту сатысында мұға-
           лімнің  жетекшілігімен  орындалады,  кейінгі  сабақтарда
           білімді  тексеру  және  өзектілендіру  мақсатында  оқушы
           тапсырманы  өздігінен  орындауы  мүмкін.  Тапсырмалар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сыныпта жеке және топпен жұмыс жасау барысында пай-
           даланылуы мүмкін, сондай-ақ үй тапсырмасы ретінде де
           берілуі  мүмкін.  Кей  тапсырмалар  ұжымдық  орындауды
           қажет етеді.
              Айқын  бейне  құру  мақсатында  оқулықта  және  жұмыс
           дәптерінде түсіндірілетін материал оқу ақпаратын жақсы
           меңгеруге және жаттауға мүмкіндік беретін, сипатталатын
           затты немесе үдерісті ашып көрсететін көрнекіліктермен,
           сызбалармен, кестелермен, сызбалық суреттермен бекі-
           тіледі. Әр мәтінге орташа есеппен 2-3 көрнекілік беріледі.
           Олармен  жұмыс  жасау  оқушыларға  оқулық  суреттеріне
           қарағанда әлдеқайда ыңғайлырақ, өйткені барлық бөлікті
           байқауға мүмкіндік болады. Суреттер қысқа жазулармен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бірге беріледі, бұл ақпаратты қабылдау үдерісін жеңілдетеді.
              ОӘК-пен жұмыс жасауға келесі талаптар қойылады:
              1) әр оқушының кітабы болуы әрі мұғалім оқытқан та-
                 қырыпты таба білуі тиіс;
              2) мұғалім тапсырмаға қатысты қысқаша нұсқаулық беруі
                 тиіс (абзацты табу, оқу және т.б.);
              3) кітаппен жұмыс жасау барысында оқушылар барлық
                 мәселелерді жаттауға тырыспай, маңызды бөліктерді
                 таба білулері тиіс.
              Зерде  бұзылысы  бар  балалардың  өзіндік  қызметке
           араласу деңгейлерінің әртүрлі екендігі оқу мәтіндерінде
           және  тапсырмаларында  ескерілді.  Оқу  жұмысының  осы
           түрінің  сәттілігі  тапсырманың  қолжетімділігіне  және  оны
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           орындау алгоритмін меңгеру дәрежесіне байланысты. Осы
           жағдайды ескере отырып, бағдарламаның талаптарына сай
           оқушылар  орындаулары  тиіс  тәжірибелер,  зертханалық
           және  практикалық  жұмыс  оқулықта  сипатталған  сатылы
           (қадамдық) нұсқаулықтармен бірге ұсынылады.

           8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15