Page 19 - 7.5.3
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
келесі сабақты жоспарлағанда, бұл жағдайды еске ұстауға
міндетті.
Сабақтың тақырыбы. Гүлді өсімдіктердің бөліктері
Сабақтың мақсаты: гүлді өсімдіктердің бөліктері туралы
түсінік қалыптастыру. Оқушыларды гүлді өсімдіктердің негізгі
special-edu.kz. special-edu.kz.
бөліктерін анықтауға үйрету.
Жабдықталуы: табиғи гүлді өсімдіктер.
Сабақтың басында мұғалім көрнекілік құралдарды пайда-
лана отырып, өсімдіктердің бөліктері туралы ақпаратты оқуға
жеткізеді, хош иісті темекінің гүлін табуды ұсынады. Сосын
сұрақтар қою арқылы оқушылардың материалды меңгеру
деңгейлерін тексереді, білімді меңгерудегі кемшіліктерді
анықтап, оларды жою жолдарын белгілейді.
Мұғалім өсімдіктерді бөліктерге бөлу бойынша практи-
калық жұмысты ұйымдастырады.
Әр оқушы партаға қойылған өсімдікті атап, оның бөліктерін
тауып, төмендегі әрекеттерді орындауы тиіс:
special-edu.kz. special-edu.kz.
а) тамырды кесіп, таза қағазға мұқият орналастыру, өсім-
діктің өзге бөліктеріне қатысты оның орналасу орнын анық-
тау, аталмыш бөліктің атауын қайталау, өсімдік үшін тамыр-
дың маңызын көрсету;
б) өсімдіктердің басқа бөліктерін кесіп, таза параққа
кезегімен орналастыру: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл;
в) өсімдіктің әр бөлігінің астына оның атауын жазып,
қажетті нұсқарды бейнелеу.
Сабақта практикалық жұмысты оқушылар өздігінен орын-
дайды немесе нашар оқитын оқушыларға мұғалім аз кө-
мектеседі.
Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.
Білімді қайта тексеру үшін жаппай сұрақтар қойылады
special-edu.kz. special-edu.kz.
және дәптерде тапсырмалар беріледі.
Оқушылардың жаратылыстану сабақтарында орын-
дайтын әрекеттері белгілі түзету бағытында жүзеге асқан
жағдайда ғана дидактикалық құндылыққа ие болады.
17