Page 12 - Әдістемелік нұсқау 8 сынып
P. 12

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              Оқыту жүйесінде экскурсияның білімдік және тәрбиелік
           мәні өте зор және тақырыпты ұғынуда оқушының тақырыпты
           жеңіл қабылдауына мүмкіндік береді. Оқу мен жазуға
           үйрету барысында оқушылар фонетикадан алған бірқатар
           мәліметтерін еске түсіру үшін әр сабақтың алдында қайталап
           отырады. Себебі, зерде бұзылыстары бар балалардың даму
           жетіспеушілігіне не жататынын аңғаруымыз қажет:
              • Сөздерді буынға бөле алмайды, бөлген жағдайда
           қателіктер жібереді.
              • Сөйлем құрауда мағыналарына жіті көңіл бөлмейді,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           орындарын ауыстырып жазады. Мұндай олқылықтарды
           болдырмау үшін жаңа сабақты бастамас бұрын сөзді буынға
           бөлдіріп, буын санын сұрай отырып, дыбыстардың дауысты,
           дауыссыз болатынын, қайсысы қай топқа жататынын
           графикамен сыздырып, ал буынға бөлуде қол шапалақтату
           арқылы буын санын тез табуға көңіл бөлінеді.
              3. ІІІ топтағы оқушыларға бағдарламалық материалды
           меңгерту көп қиындықтар келтіреді, олар әр уақытта жаңа
           сабақты түсінуде оларға заттық материалдар мен ауызша –
           логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет көрнекіліктерді
           мол пайдаланғанды қажет етеді. Себебі, олардың ойлау, есте
           сақтау, логикалық тек қана көру, есту дағдысына байланысты
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           дамиды, сол арқылы дамып отырады. Ең біріншіден, оқушыға
           айтылатын нәрсенің ең қарапайым түрімен таныстыру.
           Оқушыға осы қарапайым дағдыны меңгертудің өзі көп
           жұмысты қажет етеді.
              Жалпы оқу үстінде жаңа материалды бірден түсіне
           алмайды, оларға қайта-қайта қосымша түсіндіруді қажет
           етеді. Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті жоқ. Екінші топтағы
           балаларға қарағанда сабақты ұғыну үдерісі өте төмен. Мұндай
           оқушылардың білу дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі
           ұйымдастырып, сұрақтар қою арқылы сүйемелдеп отыру
           керек. Ол үшін мынадай басты мақсатты іске асыру қажет:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17