Page 7 - Әдістемелік нұсқау 8 сынып
P. 7
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Диктант, мазмұндама, жазба жұмыстары да оқушылардың
дұрыс сөйлеу, ойын жүйелi баяндап айтып, жаза бiлу
қабiлетiн жетiлдiре түседi.
Қазақ тiлiн жоғары сыныптарда оқытудың негiзгi мақсаты:
– мүмкіндігі шектеулі балалардың өзiне тән тiл дамуындағы
өзгеше ерекшелiгiн белгiлi бiр жүйеге келтiру;
– бастауыш сыныптарда өткен бiлiмдерi мен дағдыларын
пысықтап, жинақтап, жаңа бiлiм дағдыларымен толықтыру;
– оқушылардың қоршаған орта, дүниетаным туралы
түсiнiктерiн қалыптастыру;
– оқушыларға патриоттық, экологиялық тәрбие беру;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– тiл дамытуға арналған материалдарды дидактикалық
материалдармен байланыстыру, сол арқылы оқушылардың
сөздiк қоры мен сөйлеу дағдыларын арттыру;
– оқушылар бойында адамгершiлiк, iзеттiлiк, инабаттылық
қасиеттердi дамыту.
Қазақ тiлi – мектептiң ұлттық сипатын айқындап, оқу-
шылардың бойында ұлттық сапалықты дарытатын, туған
халқының тiлi мен дiнiн, дәстүрi мен салтын құрметтей бiлуге
үйрететiн пән. Осы қадiр-қасиеттi оқушының бойына барынша
толық жеткiзу әрбiр мұғалiмнiң бiлiмдарлығына байланысты.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 8-сыныптағы оқу жүктемесінің
көлемі – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Типтік бағдарлама талаптарына сәйкес «Қазақ тілі» пәнінің
мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1. Тыңдалым және айтылым
2. Оқылым
3. Жазылым
4. Тілдік нормаларды қолдану
Ортақ тақырыптары:
1. Менің туған өлкем
2. Денсаулық – зор байлық
3. Табиғат құбылыстары
4. Өнер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5