Page 6 - Әдістемелік нұсқау 8 сынып
P. 6

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              – оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орфо-
           графиялық және пунктуациялық ережелерді практикалық
           түрде меңгерту;
              – оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын
           жетілдіру.
              Шәкірттердің бойына адамгершілік, әсемдік қасиетін
           қалыптастыру. Ойлау мен сөйлеу кемістігін түзету – ақыл-ойы
           кем балаларды ана тілін оқытудағы ерекше мақсат болып
           табылады. Сонымен қатар арнайы мектепте оқытылатын тіл
           сабағы аса маңызды дидактикалық міндеттерді де шешуге
           тиіс.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
              Арнайы мектептiң қазақ тiлi пәнiне арналған оқыту
           бағдарламасында грамматика, емле және тiл дамыту білiмi
           алдына мынандай мақсаттар қойылады:
              – Дыбыстар мен әрiптер, әрiп пен дыбыстың, өзара
           қатысын айқындап, оларды ажырата бiлу. Құрамында қатар
           екi дауыссыз дыбыстары бар сөздердi атау, оқу, жазу және
           дыбысқа талдау жасау.
              – Сөз құрамын ажыратып талдай бiлу.
              – Сөз таптарының түрлерiн меңгеру, түрлерiн ажырату.
              – Сөйлемнiң түрлерiн айыра бiлу, сөйлем мүшелерiне
           талдау жасау. Сөйлемнiң сөзден құралатынын, сөйлем
           құрамындағы сөздердiң жеке айтылатынын және бiр-бiрiнен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           бөлек жазылатынын түсiндiру.
              – Орфографиялық және пунктуациялық ережелердi
           практикалық түрде меңгеру.
              – Жазу сауаттылығын жетiлдiру.
              Оқушылар бастауыш сыныптардан-ақ сөйлеу мәдениетiн
           игере бастайды. Сөздердi дұрыс айтып жаза бiлу – тiл
           мәдениетiнiң басты талаптарының бiрi. Себебi, сөздердiң
           айтылуы мен жазылуы бiрдей бола бермейдi. Оқушыларды
           өз ойын толық баяндай бiлуге үйрету, байланыстырып сөйлеу
           дағдысын қалыптастыру – қазақ тiлi сабақтарының өн бо-
           йында ұдайы жүргiзiлетiн құбылыс.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11