Page 42 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 42
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың жетістіктерін ба-
ғалау тек ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асырылады.
Бағдарламалық материалды меңгеру нәтижелерін білім
беру үдерісі барысында тікелей мұғалім бағалайды. Ма-
тематика мұғалімі жүйелі түрде бақылау түріндегі бағалау
әрекеттерін орындайды.
Оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдағы (сабақ сайын),
кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде
іске асырылады.
Ағымдағы бақылау сабақта оқушылардың жұмысын
бақылау, тәжірибелік және өздік жұмыстарды, ұжымдық
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жұмыс түрлерін талдау арқылы жүргізіледі. Сабақ сайын
бақылау оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін педа-
гог пайдаланатын оқытудың мазмұны мен әдістерін түзету
мақсатында жүргізіледі. Мұндай бақылау ынталандырушы
және тәрбиелік сипатта болады.
Мерзімді бақылау бағдарламалық тақырыпты, бөлімді
меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бағалау құралдары дағды-
ларды қалыптастырған күтілетін нәтижелерге сәйкес келетін
тапсырмалар мен жаттығулар болып табылады.
Қорытынды бақылау жылдың, тоқсанның соңында жүргі-
зіледі. Мұғалім міндетті түрде оқу жылы бойы байқалатын,
оқушы жетістіктерінің жиынтық карталарында тіркелетін әр
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оқушының даму және табыстылық серпінін талдайды.
Бір сыныптың зерде бұзылыстары бар оқушыларының
жетістіктері бірдей бола алмайды, оқушылардың мүмкіндік-
тері тым үлкен айырмашылыққа ие. Бірінші типологиялық
топтың оқушылары (В. В. Воронкова бойынша) «білімді
қолдану» деңгейі бойынша дағдыларын көрсете алады.
Екінші типологиялық топтың оқушылары «түсіну» деңгейі
бойынша білім мен дағдыларды, ал үшінші типологиялық
топтың оқушылары «тану» деңгейі бойынша білім мен
дағдыларды меңгереді. Аталған типологиялық топтарға
жататын оқушылар бірыңғай бағдарламаға сәйкес, бірың-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
40