Page 5 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) жаңартылған мазмұнда
зерде бұзылыстары бар оқушыларға математиканы
оқытудың Типтік оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес
құрылған. ОӘК оқулық пен осы әдістемелік нұсқауларды
қамтиды.
Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны келесі міндеттерді
special.edu.kz. special.edu.kz.
шешуді қамтамасыз етеді:
1) мектеп оқушыларының тұрмыстық жағдайларда
барынша дербес болуға, шаруашылық-еңбек қызметін
және қолжетімді мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін
математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын
қалыптастыру;
2) танымдық іс-әрекет кемшіліктерін өтеу, оқушылардың
жағымды эмоционалды-еріктік және тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру;
3) оқушылардың тілін дамыту, оны арнайы математикалық
терминдермен және сөз тіркестерімен байыту, өз жұ -
мысына түсініктеме беруге, есептерді шешу, геометриялық
құ ры лымдарды және басқа да практикалық жұмыстарды
special.edu.kz. special.edu.kz.
орындау туралы толық ауызша есеп беруге үйрету;
4) оқушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейне -
лік ойлауын, ойлау, талдау, салыстыру, қорыту, жіктеу,
сериация операцияларын дамыту;
5) оқу сабақтарына қызығушылықты, сыныптастармен
және ересектермен өзара әрекет жасай білуді дамыту.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін басқа оқу
құралдарымен қатар оқулықтың маңызы зор. Бұл ретте
мұғалім оқулықты пайдалануда танымдық іс-әрекет
кемшіліктері және зерде бұзылыстары бар оқушылардың
дербестігі мен белсенділігінің төмен деңгейімен, сондай-ақ
special.edu.kz. special.edu.kz.
3