Page 10 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
никативтік дағдылар мен серіктестік қарым-қатынасты
қалыптастыру.
Жағдаяттық тапсырманың практикалық бағыттылығы
оның орындалу фактісімен қамтамасыз етіледі, ол әрда-
йым оқушының оқу үдерісінің шеңберінен әлеуметтік прак-
тика кеңістігіне шығуын көздейді. Осылайша жағдаяттық
тапсырмаларды орындау оқуды өмірмен байланыстыруға
мүмкіндік беретін математиканы оқыту әдісі ретінде ғана
емес, сонымен қатар оқушыларды әлеуметтендіру үшін де
қарастырылады.
Жағдаяттық тапсырмалар проблемалық міндеттерге жа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қын және жұмыс тәсілдерін анықтауға және түсінуге бағыт-
талған. Жағдаяттық тапсырманы орындау кезінде мұғалім
мен оқушылар әртүрлі мақсаттарды көздейді: оқушылар —
амалды, тапсырманы орындау, мұғалім — оқушылардың
жұмыс тәсілдерін меңгеруі үшін жағдай жасау.
Жағдаяттық тапсырмалар тек оқу орнында ғана емес,
оқудан тыс жұмыста да қолданылуы мүмкін. Барлық жағ-
дайларда жағдаяттық тапсырмаларды орындау метапәндік
нәтижелерге, яғни оқу пәнінің шеңберінен шығатын және
әртүрлі жұмыс түрлерінде қолданылатын білім беру нәти-
желеріне қол жеткізуге бағытталған.
Оқулыққа енгізілген бірнеше жағдаяттық тапсырмалар-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дан мысал келтірейік. Олардың барлығы «Құн өлшемдері»
тақырыбы бойынша «Шамалар» бөлімінен оқу материалын
зерделеумен байланысты, ол басқа оқу тақырыптарының
көпшілігіне қарағанда практикалық-бағытталған дағдыларды
көбірек қалыптастыруды көздейді.
1-жағдаяттық тапсырма: «Пәтер иесі түбіртек бойынша
әрбір коммуналдық қызмет үшін қанша ақша төлейтінін
анықта. Жалпы төлем сомасын есепте».
2-жағдаяттық тапсырма: «Жиһаз дүкеніне бар. Жиһаздың
жеке заттарының бағасын біліп кестені толтыр. Жазу үстелі
мен орындық сатып алу үшін 50 000 теңге жете ме, жоқ па?
Анықта».
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
8