Page 15 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 15

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Оқулықта  сараланған  тапсырмалар  түрлі  түсті  дөңге-
           лектермен белгіленген. Дифференциалды тәсіл оқытуды
           дараландырумен толықтырылады. Оқушылардың, әсіре-
           се 3 және 4-типологиялық топтардың өздік оқу-танымдық
           жұмысы қиын болған немесе мүмкін болмаған жағдайда,
           мұғалім оқу тапсырмасын табысты орындауды қамтамасыз
           ету үшін оқушы жұмысының жекелеген компоненттерінің
           функцияларын өзіне алады.
             Сабақта оқушылардың күнделікті жұмысын мұғалім ар-
           найы стратегиялар мен оқыту әдістері негізінде ұйымдас-
           тырады. Олардың негізгілеріне тоқталайық.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             1. «Кішкентай қадам» әдісі жоғары сыныптарда да өзек-
           тілігін жоғалтпайды. Жаңа материал оқушыларға шағын
           бөліктермен  беріледі.  Бұл  абстрактілі  математикалық
           ұғымдарды  түсіну  бойынша  жеткіліксіз  зерделік  ресурс-
           тармен, сондай-ақ оқушылардың жоғары интеллектуалдық
           сарқылуымен байланысты. Жаңа материалдың кішкентай
           бөлігінің аяқталған түрі және бұрын зерттелген материалмен
           байланысы болуы тиіс.
             2. Көрнекілік құралдарын пайдалану. Жоғары сыныптарда
           да абстрактілі математикалық ұғымдарды қалыптастыру
           кезінде  оқылатын  ұғымдардың  мағынасын  жақсы  түсіну
           үшін  оқушылардың  қажетті  нақты  бейнелерді  жасауына
           көмектесетін көрнекі материалға сүйену маңызды. 8-сы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           ныпта көрнекілік құралдары бөлшектерді (жай және ондық),
           геометриялық  фигураның  ауданы  сияқты  геометриялық
           ұғымдарды оқу кезінде қолданылады. Көрнекілік құралдарын
           көрсету ғана емес, сонымен қатар оқушыларды осы құрал-
           дарды пайдалана отырып практикалық жұмысқа қосу қажет.
           Пәндік-практикалық жұмыс математикалық қатынастарды
           нақтылауға мүмкіндік береді. Мысалы, бөлшектерді зерттеу
           кезінде бүтін және бөлшек, арифметикалық амалдардың
           мәні, жаңадан енгізілетін ұғымдар, мысалы, аудан. Бұл ретте
           балалардың неғұрлым сақталған көрнекі-әрекеттік ойлауға
           сүйенуі орын алады.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20