Page 14 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аса қинала қоймайды, жаңа жұмысты орындай отырып, бар
тәжірибені көбінесе дұрыс қолданады.
Екінші топтың оқушылары, негізінен, мұғалімнің фрон-
тальды түсіндіруін ұғады, бірақ көрнекілік құралдарына
сүйенуді қажет етеді, оқылатын материалды жақсы есте
сақтайды, бірақ мұғалімнің көмегінсіз қарапайым қорытын-
дылар мен қорытуларды жасай алмайды. Олар жұмыстың
барлық түрлерін өздігінен аз орындаумен ерекшеленеді,
олар мұғалімнің белсенді және ұйымдастырушылық көмегін
қажет етеді.
Үшінші топ оқушылары сабақта фронтальды жұмыс ке-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
зінде бағдарламалық материалды қиын игереді, қосымша
жеке түсіндіруді қажет етеді. Пәндік-практикалық жұмысты
ұйымдастыру, көрнекі құралдарды пайдалану олардың то-
лыққанды білімін қалыптастыруға кепілдік бермейді.
Төртінші топ оқушылары арнайы мектептің оқу материал-
дарын ең төмен деңгейде меңгереді. Білімді механикалық
түрде меңгереді, тез ұмытады, жаттығуларды көптеп орын-
дауды, оқытудың қосымша тәсілдерін енгізуді, жұмысты
орындау кезінде тұрақты бақылау мен кеңестерді қажет
етеді. Оларға тек фронтальды оқу жеткіліксіз. Бұл оқушы-
ларды әр оқушы үшін жеке құрастырылатын жеңілдетілген
бағдарлама бойынша оқытады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бірінші, екінші, үшінші типологиялық топтардың оқу-
шылары бір тақырып аясында, бірыңғай күнтізбелік-тақы-
рыптық жоспар бойынша білім алады, бұл ретте мұғалім
әр топтың оқушылары үшін сараланған оқу және бақылау
тапсырмаларын дайындайды. Бұл вариативтілік арқылы
көрініс табады:
– оқушылардың дербестік дәрежесі;
– мұғалім тарапынан көмек түрлері;
– көрнекі-дидактикалық материалдардың түрлері;
– орындалатын жұмыс көлемі;
– оқу тапсырмаларының күрделілігі және т.б.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
12