Page 17 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 17

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сөйлеуді дамытудың жақсы деңгейіне, қажетті математи-
           калық терминологияны меңгеруге сүйенеді. Сөйлеу мен
           іс-әрекет үйлесімінің бұл тәсілін сыныптағы оқушылардың
           барлығы қолдана алмайды. Мұғалім оқушыларға осындай
           оқу тапсырмаларын ұсына отырып, олардың жеке мүмкін-
           діктерін ескереді.
             4. Оқушылардың жаңа материалды меңгеруін жеңілде-
           ту үшін «алға шығу» педагогикалық стратегиясына жүгіну
           қажет. Бұл оқушылардың ең күрделі математикалық мате-
           риалды қабылдауға және меңгеруге біртіндеп дайындалуы.
           Мұндай дайындық мұғалім оқушыларды осы материалмен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           тікелей таныстырмастан бұрын (бір ай, екі ай, тоқсан және
           одан да көп уақыт бұрын) басталады. Дайындық жұмысына
           балаларды жаңа нәрсені қабылдау мен ұғынуға әкелетін
           тапсырмалар мен жаттығулар кіреді. Дайындық жаттығу-
           ларымен қалыптасатын дағдылар жаңа ұғымның құрамына
           кіреді.
             5.  Оқылған  материалды  үнемі  қайталау  және  бекіту
           қажеттілігі зерде бұзылыстары бар балалардың алған бі-
           лімі мен дағдыларын тез ұмыту сияқты ерекшеліктерімен
           түсіндіріледі. Әр математика сабағында қайталауға уақыт
           беріледі. Мұғалім қандай да бір сабаққа қайталау ретінде
           қандай материалды қайта қосу керек екенін өзі анықтайды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Бұл таңдау сынып оқушыларының оқу материалын меңгеру
           ерекшеліктерімен анықталады. Жаңа тақырыптың негізі не-
           месе құрамдас бөлігі болып табылатын материал міндетті
           түрде қайталануы тиіс.
             6. Зерде бұзылыстары бар оқушылардың ойлау функ-
           циясының жалпылау және абстракциялау функцияларының
           жеткіліксіздігін ескере отырып, жаңа оқу материалын индук-
           тивті жолмен ұсыну қажет, яғни нақты фактілерді қарасты-
           рудан бастап оларды жалпылауға және ұғымдарды немесе
           қасиеттерді қалыптастыруға дейін түсінік беру қажет. Бұл
           ретте оқушыларды жаңа материалды тану үдерісіне бел-

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22