Page 22 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жобалау технологиясы оқушылардың жетістіктерін баға-
лаудың объективті әдістерін қарастырады. Мұғалім әртүрлі
типологиялық топтарға жататын оқушылардың оқудағы же-
тістіктерінің бірдей болмайтынына дайын болуы тиіс. Дәл
осы деңгейлік мақсат қою әрбір оқушының оқуда табысты
болуын қамтамасыз етуге және оқытудағы кез келген нәти-
жені оң деп қарауға мүмкіндік береді.
Нөмірлеу және арифметикалық амалдар
8-сынып бағдарламасына сәйкес 1 000 000 шегінде нө-
мірлеуді меңгеру көзделеді. Зерде бұзылыстары бар оқушы-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лар көптаңбалы сандардың нөмірленуін үлкен қиындықпен
меңгеретінін түсіну қажет. Бұл қиындықтар, ең алдымен,
көп мәнді санды нақтылаудың қиын болуымен байланысты,
атап айтқанда, көрнекілік құралдарын пайдалана отырып,
игерілетін ұғымдарды нақтылау оқушыларға оқу материалын
түсінуге көмектеседі. Осы тақырыпты меңгеру кезінде қолда-
нылатын көрнекі құралдар: есептер, кластар мен разрядтар
кестесі — шартты көрнекілік. Оқушылар көп мәнді сандарды
есептеуде, оқуда және жазуда қиындықтарға тап болады.
Санның разряды, класы туралы анық емес түсінік сандарды
салыстыруды қиындатады. Ауызша және жазбаша нөмір-
леуді бекіту жаттығулары математиканың әрбір сабағының
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ажырамас бөлігі болуы тиіс, оларды сабақта ауызша есеп
беру кезеңіне қосу қажет.
Нөмірлеуді меңгеру кезінде төмендегі жүйелілікті сақтау
қажет:
1) 100 000 шегінде нөмірлеуді қайталау.
2) 1 000 000 шегінде жүздік мыңдармен есептеу. Дөңгелек
жүздік мыңдарды сандармен белгілеу.
3) Жаңа разряд — миллион және сандардың үшінші кла-
сы: миллиондар класын құру.
4) Толық және толық емес алтытаңбалы сандарды оқу,
жазу.
5) 1 000 000 шегінде жазбаша нөмірлеу.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
20