Page 20 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 20

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           шеленеді. Мұғалім сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне
           сүйене отырып, әрбір бағдарламалық тақырыппен жұмысқа
           бөлінген сағаттар санын өзгертуге құқылы. Сағат санының
           өзгеру себебі, күнтізбелік-тақырыптық жоспардың «Ескер-
           ту» бағанында көрсетіледі. 1 және 2-типологиялық топтағы
           (В. В. Воронкова бойынша) оқушылардың материалды мең-
           геру табыстылығы жаңа тақырыпқа көшуге бағдар береді.
              Мұғалім  жұмысын  жоспарлаудағы  заманауи  тәсіл  тек
           күнтізбелік  және  сабақ  жоспарларын  дәстүрлі  құрудан
           ауытқуды және тұтас оқыту үдерісін жобалау технологиясын
           меңгеруді көздейді. Жобалау мұғалімнің құжаттамасында
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           дәстүрлі көрініс тапқан мұғалімнің қызметін ғана емес, оқу-
           шылар мен мұғалімнің алдағы бірлескен жұмысының барлық
           бөлшектерін алдын ала әзірлеуден тұрады. Оқу үдерісінің
           жобасы осы үдерістің барлық құрылымдық компоненттерін
           қамтиды: оқытудың мақсаты, мазмұны, мұғалімнің жұмысы
           оқушылардың жұмысы, бақылау құралдарын қоса алғанда,
           жетістіктерін  бағалау.  Жобалау  кезінде  дифференциал-
           ды тәсілді қамтамасыз ету, яғни зерде бұзылыстары бар
           оқушылардың бірқалыпты емес білім алу қажеттіліктерін
           қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады.
              Жобалау технологиясында оқу мақсаттары, әдістемелік
           ерекшеліктері (қайталау, алға шығу, пәнаралық және пән-
           ішілік байланыстар, математика тілінде сөйлеуді дамыту),
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           дидактикалық материалдар және көрнекілік құралдары курс
           бөлімдерінің  технологиялық  карталарында  көрсетіледі.
           2-қосымшада мұғалім математика курсының «Нумерация»,
           «Арифметикалық амалдар», «Шамалар», «Арифметикалық
           есептер», «Көрнекі геометрия» бөлімдерінің әрқайсысында
           жұмыс жүйесін ашатын технологиялық карталарын таба-
           ды. Бөлімдердің мазмұны сынып оқушыларының құрамын
           есепке ала отырып, күнтізбелік жоспар тақырыбы бойынша
           сабақтар сериясын немесе жеке сабақтарды қысқа мер-
           зімді жоспарлау үшін негіз болып табылады. 3-қосымшада
           күнтізбелік жоспарға сәйкес «Жай бөлшектер мен аралас

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25