Page 16 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 16

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
               3. Оқушылардың практикалық және ақыл-ой әрекетін
           тілдік сүйемелдеу іс-әрекеттерді орындау тәсілдерін жақ-
           сы  есте  сақтау  және  түсініктерді  қалыптастыруға  ықпал
           етеді. Мұғалім оқушыларды өздерінің практикалық немесе
           ақыл-ой әрекеттері туралы айтуға шақырады. Сөйлеу мен
           іс-әрекеттің (практикалық немесе ақыл-ой) үйлесуі әртүрлі
           жүзеге асады:
              1) практикалық немесе ақыл-ой әрекеттерін, ұғымдарды
           қалыптастырудың бірінші кезеңінде оқушы осы үйлесімнің
           барынша қолжетімді формасын пайдалануы қажет: сөй-
           леу тапсырманы үнсіз орындағаннан кейін жүзеге асады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           Мысалы, мұғалім қажетті көрсетіліммен қоса жүретін жаңа
           материалды,  ақыл-ой  немесе  практикалық  амалдардың
           жаңа тәсілдерін түсіндіргеннен кейін, балаларға бұл амал-
           ды  мұғалімге  еліктей  отырып  орындауды,  содан  кейін
           нені қалай істегенін айтып беруді ұсына алады. Бұл ретте
           оқушылар  алдымен  мұғалімнің  жетектеуші  сұрақтарына
           жауап береді. Содан кейін ондай сұрақтар азая түседі және
           оқушы орындалған жұмыс туралы өз бетінше айта алатын
           сәт келеді;
              2) оқылатын оқу материалын меңгерудің келесі кезеңінде
           мектеп оқушылары үшін неғұрлым күрделі сөйлеу мен іс-
           әре кет үйлесіміне: өз іс-қимылдарына түсінік беруге көшуіне
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           болады. Мұндай жұмыстың күрделілігі оқушының бір мез-
           гілде екі жұмысты қатар атқаруымен анықталады. Мысалы,
           сызбаны орындайды және оны қалай жасағандығы туралы
           айтады. Өз жұмысына түсінік беру — оқушылар үшін күрделі
           жұмыс, сөйлеу мен іс-әрекет үйлесімінің қарастырылатын
           формасы қолжетімсіз болатын оқушылар бар. Демек, олар
           жоғарыда сипатталған бірінші нұсқаны пайдаланғаны жөн;
              3) сөйлеу мен іс-әрекетті ұштастырудың ең күрделі тәсі-
           лі — оқушының тапсырманы қалай орындау (тапсырманы
           шешу, сызбаны орындау) туралы алдын ала айтып беруі.
           Бұл әдіс дамыған жоспарланған ойлау функциясына және

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21