Page 21 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 21

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           сандарды бүтін санға көбейту және бөлу» тақырыбының мы-
           салында технологиялық картаның үлгісі және осы тақырып
           бойынша сабақтар серияларының ақпараттық карталары
           ұсынылады.
             Зерде бұзылыстары бар оқушылардың оқу материал-
           дарын меңгеруінің жеке ерекшеліктерін ескермей, оларды
           табысты оқыту мүмкін емес. Жеке тәсіл сараланған тәсілді
           толықтырады және білім беру мониторингі (педагогикалық
           бақылау) деректерінің негізінде жүзеге асырылады. Монито-
           рингтің бастапқы негіздері оқыту мақсаты болып табылады.
           Мониторинг — бұл мақсатқа жетуді бағалау.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Мониторинг — әрбір оқушы үшін оқытудың барынша жо-
           ғары мақсаттарына жету үшін кері байланыс орнатуға және
           оның негізінде пән бойынша оқу үдерісін түзетуге (оқыту
           қарқынын, әдістер мен тәсілдерді өзгертуге) мүмкіндік бе-
           реді. Әр тақырып бойынша мониторингті (педагогикалық
           бақылауды) жүзеге асыру үшін деңгейлік мақсатты тұжы-
           рымдауға сай мұғалім бақылау тапсырмаларын әзірлейді.
           Бақылау  ретінде  тақырып  шеңберінде  оқу  материалын
           меңгеру  арқылы  жүзеге  асырылған  оқу  тапсырмалары
           қолданылуы тиіс (нені үйренгенін тексереміз). «Жай бөл-
           шектер  мен  аралас  сандарды  бүтін  санға  көбейту  және
           бөлу»  тақырыбы  бойынша  бақылау  тапсырмаларының
           үлгісі 3-қосымшада келтірілген.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Жетістікті бақылау оқу жоспарының тақырыбы бойынша
           жұмыс аяқталғаннан кейін сабақта жүргізіледі, оған сабақтың
           бір бөлігі немесе тұтас сабақ бөлінеді. Бақылау тапсырма-
           ларын орындау нәтижесінен бөлек мұғалім сабақ бары-
           сында оқушылардың жұмысын күнделікті бақылау арқылы
           оқу материалын меңгеру барысы туралы мәлімет алады.
           Байқалатын фактілер туралы қысқаша белгілер сабақ кар-
           точкасында жасалуы мүмкін.
             Осылайша оқу үдерісінің жобасын құрудағы негізгі ке-
           зең — әртүрлі деңгейдегі: тану, түсіну, қолдану мақсаттары
           түрінде бағдарлама мәтінінде ұсынылған мақсаттылық (оқу-
           шының жұмысын сипаттайтын) болып табылады.                     19
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26