Page 26 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 26

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           дықтар туады. Кейбір оқушылар бағанға бөлу алгоритмін
           өздігінен қолдана алмайды. Оларға мұғалімнің жетектеуші
           сұрақтары қажет. Әсіресе, жеке санды таңдап алу және оның
           келу-келмеуін ауызша тексеру қиын.
              1000 000 шегіндегі сандарды көбейту және бөлу жағдай-
           лары келесідей реттілікпен оқытылады:
              1) Бір мәнді санға көбейту және бөлу.
              2) 10, 100, 1000-ға көбейту және бөлу (қалдықсыз және
           қалдықпен бөлу).
              3)  Дөңгелек  ондықтарға,  дөңгелек  жүздіктерге,  бірлік
           мыңдарға көбейту және бөлу.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Көбейту мен бөлуді меңгеру үдерісінде қайталанады:
           көбейту мен бөлу кезінде 1 және 0 қасиеті, 2, 3, 5, 10, 100,
           1 000-ға бөлу белгілері. Сандарды еселік салыстыру, көбейту
           мен бөлуді тексеру жүргізіледі, көбейту мен бөлудің белгісіз
           компоненттерін табуға арналған жаттығулар орындалады.
           Мысалдардағы 1 және 2 сатылы, жақшамен және жақшасыз
           амалдар қамтылған амалдар реті қарастырылады.
              Математиканы меңгеруде күрделі қиындықтарды бастан
           кешкен оқушылардың арифметикалық амалдарды орын-
           дағанда (В. В. Воронкованың классификациясы бойынша
           үшінші типологиялық топтың оқушылары) калькуляторды
           қолдануына болады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Миллион көлемінде сандарды көбейту мен бөлуді меңге-
           ру дайындық жаттығуларынан басталады. Дайындық жатты-
           ғуларына тақырып бойынша бұрын меңгерілген материалды
           қайталауға арналған тапсырмалар енгізіледі. Осылайша
           көбейту амалы — бірдей қосындылардың сомасын табу
           екенін қайталау қажет. Сондықтан мысалдардағы көбейтуді
           қосу амалына ауыстыру және кері операция, көбейту және
           бөлудің  кестелік  жағдайларын,  сондай-ақ  кестеден  тыс
           жағдайларды қайталауға арналған тапсырмалар пайдалы.
              Разрядтық сандарды бір мәнді санға көбейту және бөлу
           оқушыларға  ұсынылатын  бірінші  мысал  болады.  Олар

 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           24
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31