Page 7 - МетодикаМАТЕМАТИКА 8-сынып
P. 7
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. ҰСЫНЫМДАР
ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ
Оқулықтағы оқу материалы оны оқушыларға ұсыну
логикасы тұрғысынан құрылымдалған, ал оқу тапсырма-
лары зерде бұзылыстары бар оқушыларды математикаға
оқытудың арнайы әдістемесіне сәйкес жасалған. Олардың
танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері ескерілді: шектеулі-
лік, мақсатсыздық және қабылдау белсенділігінің әлсіздігі,
кеңістіктік бағдардың қиындықтары, ойлау үдерістерінің
баяу қозғалуы.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқулықтың бір бетінде бір сабақтың ғана материалы
қамтылмаған. Тақырып оқулықта білім мен дағдыларды
қалыптастырудың жүйелі кезеңдеріне (деңгейлеріне): тану
деңгейінен түсіну деңгейіне және одан әрі білімді қолдану
деңгейіне бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар се-
риясымен ашылады. Мұғалім оқушылардың оқу-танымдық
қызметін басқарады және оларды танудан ұғынуға және
одан әрі білімді қолдану деңгейіне жеткізуге тырысады.
Алайда, ол сыныпта дағдыны меңгерудің жоғары деңгейіне
дейін көтеріле алмайтын оқушылар бар екенін түсінуі тиіс.
Мұндай оқушыларға оқу материалымен өздеріне түсінікті
күрделілік деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік беру және
special.edu.kz. special.edu.kz.
тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті көмек көрсету
қажет. Оқушылар оқылатын тақырып бойынша оқулықтың
барлық жаттығуларын орындауға міндетті емес.
Мұғалім әрбір сабақ үшін тақырып шеңберінде оқу мате-
риалын меңгеру кезеңіне (деңгейіне) және сынып оқушы-
ларының мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тапсырмаларды
жеке таңдайды. Тапсырмалардың күрделілік дәрежесін
шартты түрде белгілеу ретінде түрлі түсті шағын шеңбер-
лер қолданылды. Жасыл шеңбер оқу материалын тануға
сәйкес келетін күрделіліктің төмен деңгейін білдіреді. Сары
шеңбермен оқу тапсырмасының күрделілігінің келесі деңгейі
special.edu.kz. special.edu.kz.
5