Page 5 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 5

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.









                                      КІРІСПЕ

             Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік
           тіл.  Мемлекеттік  тіл  –  елдің  барлық  аумағында  және
           түрлі  өмір  салаларында  қолданылуы  баршаға  міндетті
           болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           белгіленген,  белгілі  бір  мемлекеттің  әлеуметтік-
           коммуникативтік  жүйесінің  негізгі  компоненті.  Тәуелсіз
           қазақ  елінің  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі.  Еліміздің  кез
           келген азаматы өз елі мен жерінің тарихын, мәдениетін,
           мемлекеттік тілді толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады.
           Әрбір жеке тұлға – мемлекеттік, елдің бүгіні және ертеңі.
           Елдік психология, елдік қасиет, елдікті құрметтеу – мемлекет
           тілін білумен шектес келетін қасиетті ұғымдар. Сондықтан
           мемлекеттік  тілді  оқыта  отырып,  оқушылардың  бойына
           елдік  сана  сіңіріліп,  ұлттық  діл,  ұлттық  болмыс  туралы
           ақпараттар қоса беріледі.
             Оқу-әдістемелік кешен орыс тілінде оқитын жеңіл ақыл-ой
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           кемістігі бар балаларды қазақ тіліне оқытудың Типтік оқу
           жоспары  мен  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламаға
           сәйкес, сондай-ақ осы қарастырылып отырған санаттағы
           балалардың танымдық әрекетінің ерекшеліктерін есепке
           ала отырып құрылған. Ол оқулықты және осы әдістемелік
           құралды  қамтиды.  Оқу-әдістемелік  кешенді  жеңіл  ақыл-
           ой кемістігі бар  балаларды кез келген жағдайда:  жалпы
           білім  беру  мектебінің  арнайы  сыныбында  да,  сондай-ақ
           инклюзивтік білім беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда
           да оқытуды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
             Әдістемелік құрал жаңартылған оқу бағдар ламасының
           мазмұнына сәйкес, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10