Page 9 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОҚУЛЫҚТЫ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Оқулықта берілген оқу материалы жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларға арналған сыныптар (оқыту қазақ тілінде
емес) үшін «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған үлгілік оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес. Сондай-ақ оқулықта
берілген оқу материалы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларды қазақ тіліне оқытудың арнайы әдістемесіне
сәйкес оны оқушыларға ұсынудың қисынды тәртібінде
орналасқан.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауап-
special.edu.kz. special.edu.kz.
ты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын балаларға тиімді
жеткізуді ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып
табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан
кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы
байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы
сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық
міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа
дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан
кейін оқулықтағы материалдың оқушыларға түсінікті болу-
ын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың
жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен
тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орын-
special.edu.kz. special.edu.kz.
далу жүйелілігін, маңызын талдау қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен
шектелмеуі тиіс. Мұғалім оқулықтағы материалды жан-жақты
білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты
басқаруға, материалды шеберлікпен, шығармашылықпен
түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеті мен
қызығушылықтарын тудыруға, белсенділігін арттыруға
мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған
әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік
береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы
мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуы-
мен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде
special.edu.kz. special.edu.kz.
7