Page 10 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен
толықтырып отыруға міндетті.
Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда, тек сол
тақырыппен, берілген материалмен ғана шектелмей,
оқушының қабылдау, түсіну қабілетін қалай дамытсам,
оқушыға не берем деген мақсат ұстанса, сондай-ақ қазіргі
оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана білсе
ғана оқушыларға да сапалы білім мен тәрбие бере алады.
Түзете дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – оқушының
әрекетін баланың күнделікті өмірінен алынған мәселелік
жағдаятты шешуге бағыттаған дұрыс. Бiрнеше нақты зат-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тарды алып, олардың түр-түсiн, көлемiн, сапасын, әртүрлi
сындық ерекшелiктерiн анықтатып, оны оқушының өзi қазақ
тілінде қорытындылай білуіне жетелеу керек. Түзете дамыта
оқытуда көрнекiлiк принципi жаңа материалды меңгертуде
үлкен орын алады. Сабақта оқытылатын заттарды көзбен
көрiп, қолмен ұстау, иiсiн сезiну немесе олардың бейнесiн
көрiп бақылау тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қазақ
тiлi сабағында көрнекi құралдар көбінесе кесте және жеке
дидактикалық материалдар түрiнде де берiледi.
Оқулықтағы тапсырмалар күрделілік деңгейі бойынша
бірдей емес. Тапсырманың күрделілік деңгейінің шартты
белгілері бар. Түрлі түсті дөңгелектер шартты белгі ретінде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін білдіреді.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшінші
деңгейін білдіреді.,
Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін
баланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау
негізінде таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың
күрделілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп,
дәйектілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
8