Page 13 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
дамуына табиғи жағдай жасалады. Мұнда оқушылар
бiр мәтiндi талдау барысында өзара ой бөлiсуге, пiкiр
таластыруға, ортақ ой қорытындыларын жасауға үйренедi.
Мәтiн арқылы сөйлеу әрекетi компоненттерiн толық әрi
бiр-бiрiмен тығыз сабақтастықта жүргiзуге жол ашылады.
Сөйлеу әрекетiнiң оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым
секiлдi бөлiктерi қатар жүргiзiлетiн жұмыстар оқушының
ауыз ша, жазбаша сөйлеу мәдениеттерiн жетiлдiрудiң қайнар
көзi болып саналады. Бұл тiлдi оқыту сапасының айқын
көрсеткiшi деп есептеледi. Мәтiнмен жұмыс оқушының
су бъект ретiнде өзiн әр қырынан танытуына мүмкiндiк ту-
special.edu.kz. special.edu.kz.
дырады. Мәтiн мазмұнына сәйкес түрлi тiлдiк жағдаяттар
тудыруға, оқушының логикалық ойлауын мақсатты түрде
дамытуға, олардың сөйлеу белсендiлiгiн арттыруға да
қатысты тапсырмаларды түрлендiруге болады.
Түзете дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім
мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл
жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес,
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйытқысы. Әсіресе, тілді жүйелі де сапалы меңгертуде
мектеп мұғалімінің рөлі орасан зор. Түзете дамыта оқытуда
да мұғалім мен оқушының іс-әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір
мақсатқа бағытталады. Түзете дамыта оқыту жүйесіндегі
special.edu.kz. special.edu.kz.
қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды
қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа
өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Жауаптардың бірнеше нұсқада болуы мүмкін екендігі
қарастырылады. Түзете дамыта оқыту сабақтарында жаңа
материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған
шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау –
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың
көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады.
Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың әрбір сөздің
мағынасына мән беруіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс.
Өйткені, сөз – тілдік қатынастың ең маңызды құралы. Осыған
special.edu.kz. special.edu.kz.
11