Page 15 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 15

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           жалпы дамуындағы негiзгi психологиялық компонент болып
           табылады.
             Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды түзете-дамыта
           оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағынан
           бiр iзбен сатылай құрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден
           ауырға  қарай  жүйелене  орналасуын  көздейдi.  Мысалы,
           дыбысты танымай, әрiптi жазбай тұрып, буын, сөз тура-
           лы айтып, не жаздыра алмаймыз. Сол сияқты қазақ тiлi
           пәнiнен қосымшалы сөздi бiлу үшiн, негiзгi түбiрдi, буын
           үндестігiн бiлу үшiн, алдымен дауысты дыбыс деген не,
           оның жуан, жiңiшке түрлерiн ажыратып алу керек. Демек,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқу  материалдарының,  логикалық  iшкi  заңдылықтарын
           жүйелi оқып үйренген жағдайда ғана оны шын мағынасында
           меңгеруге болады.
             Жоғары сыныптағы оқушыларға мәтінмен жұмыс жүргізу
           барысында  мәтін  туралы,  оның  негізгі  ерекшеліктері,
           құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн.
           Бұл олардың кез келген мәтінді түсініп, қабылдауында үлкен
           рөл атқарады. Сонымен қатар мәтіндегі таныс емес сөздер
           мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. Мұндай
           жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-бірімен
           байланысын  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Мәтін  арқылы
           оқушының  дүниетанымы  кеңейеді,  түрлі  ақпараттармен
           танысады, ойын жүйелеп айтуға дағдыланады, түптеп кел-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           генде, сөйлеу тілі дамиды.
             Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы
           зор. Жалпы, қалыптасқан тәртіп бойынша мүмкіндігі шектеулі
           оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да өзгешелеу
           болатындығы  белгілі.  Көбіне-көп  оларда  біркелкілік  ба-
           сым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз ұғымдағы,
           жалпы (жинақтау) мағыналы сөздердің қоры өте шағын.
           Көпмағыналы сөздерді, әсіресе олардағы түсініктің ауысып
           отыратынын ұғыну балаларға өте қиынға түседі. Сөздердің
           басым бөлігі пассив сөздікте берілген.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20