Page 12 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі.
Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің
шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың
өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен
еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже
бермейді. Сабақ барысында мұғалім баланың өз ойын, өз
бақылауларын, танымын айтуына, яғни сөйлеуіне жағдай жа-
сайды. Оқушылар жұмыс барысында өздерін еркін ұстайды.
Оқытуды ұйымдастырудың маңызды нысаны – экскурсия.
Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
материалдық мәдениетте де болады.
Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға
деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы
жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе,
онда оқыту өте тиімді (табысты) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіге қарай,
нақтыдан абстрактіге қарай» деген принцип бар. Дамыта
оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойла-
уын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы,
бір затты көрсетіп, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы
қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін,
не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тиімділігі зор екенін айтады. Сондай-ақ оқыту барысында
қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір
заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға
дағдыландыру тиімді тәсіл болып табылады.
Арнайы білім беру мектептерінде оқушының сөйлеу
iскерлiктерiн дамытатын жұмыстарға басымдылық беріледі.
Бұл, әлбетте, түрлi мәтiндермен кешендi жұмыс арқылы
ғана мүмкiн болады. Мәтiн тiлдiң көркем сөзде, яғни сөз
өнерiнде атқаратын қызметiн жан-жақты танытуға жетелейдi.
Мәтiн арқылы оқыту оқушының сөйлеудi ұлттық мәдениеттiң
компонентi ретiнде меңгеруiнiң маңызды факторы – тiлдiк
ортаны қалыптастырады. Яғни, оқушының өз ортасы арқылы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10