Page 14 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 14

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           байланысты лексика саласындағы материалдарды оқыту
           кезінде үлкен қиындықтар туындайды. Одан басқа, сөз – өте
           күрделі және көп түрлі құбылыс. Әр сөздің, белгілі нақты
           көлемде мағынасы, формасы және қолданылысы бар. Сөздің
           формасы деп сөздің, фонетикалық және орфографикалық
           жағы,  оның  құрылымы  және  грамматикалық  формасы
           түсініледі. Оқушыларға екінші тілді дыбыстау және жазу
           жаңа  әрекет  болып  табылады,  сондықтан  әжептәуір
           қиын дықтар  туындайды.  Қиындықтар  сөздің  мағыналық
           көлемдерінде,  көпмағыналылығында,  бір  сөздің  екінші
           сөзбен  үйлесушілігінде,  сөздерді  қолдануда,  мағыналық
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           көлемінде және нақты жағдаяттарға байланысты пікір ай-
           туда туындайды.
              Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушы жиі жағдайда сөйлемді
           нақты, айшықты және бейнелі түрде құруға қиналады. Бұл
           қиындықтар белгілі бір нысанды сипаттап салыстырғанда да,
           жазбаша тапсырманы орындағанда да кездеседі. Баланың
           сөздік қорының кедейлілігі белгілі бір қиындықтарды тудыра-
           ды. Баламен жұмыс істейтін маманның міндеттерінің бірі –
           ол баланың сөздік қорын байыту. Синоним және антоним
           сөздермен таныстыруды жалғастыру осы қызметтің маңызды
           бір бөлігі болып табылады.
              Түзете  дамыта  оқыту  жүйесiнде  қойылатын  сұрақтар
           жоғарыда  айтылғандай,  проблемалы,  ойлауды,  пайым-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           дауды  қажет  ететiндей  етiп  берiледi.  Оқушы  да  он-
           дай  сұраққа  өз  ойын,  өз  пiкiрiн  бiлдiре  жауап  беруге
           дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше нұсқада болу мүмкiндігі
           қарастырылады. Заттарды салыстыра отырып түсiну тек
           адамға ғана тән. Мұғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе
           отырып,  оқу  материалын  оңай,  көрнекi  етiп  меңгертуге
           мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру
           белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға
           оның  өмiрiнен  тысқары  бiлiмдi  меңгеруге  көмектеседi.
           Салыс тыра  отырып,  оқушы  заттар  мен  нысандардың
           байқамай, көрiнбей қалатын белгiлерiн анықтауға үйретедi.
           Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық баланың
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19