Page 11 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
барлық деңгейінің әр оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін
екенін есте сақтауға міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне
сәйкес оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі
материалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
Оқушы мәтінде өзіне берілген деңгейдегі тапсырмаға
қол жеткізсе, онда мұғалім ол оқушыны келесі деңгейлік
тапсырмаға көшіріп отырады.
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ
МЕКТЕПТІҢ 8-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ
БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ
special.edu.kz.
special.edu.kz. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқыту
мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлей алатын деңгейге
жеткізу, яғни мектеп бітірген оқушылар қазақша ауызекі
сөзге түсінік беріп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін,
ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы көзделеді. Қазақ
тілін белгілі бір деңгейде меңгеру үдерісін тиімді түрде
жеңілдету үшін диалог, диалог-нақтылау, сұрақ-жауап тәрізді
әдістемелер пайдаланылуда. Мәтін мен диалогтің
арасалмағы да өзгереді. Егер дәстүрлі әдістемеде мәтінге
көбірек орын беріліп, диалог мәтін материалдарын қайталау,
special.edu.kz. special.edu.kz.
нақтылау үшін пайдаланып келген болса, заманауи
әдістемеде диалог ақпаратты оқытудың сөйлеуге, сөйлесуге
дағдыландырудың негізі ретінде игеріледі.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пай-
далану оқушылардың ойлана білу қабілеттерін дамытады,
олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте
сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің
екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін
маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда
оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып,
талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей
білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
special.edu.kz. special.edu.kz.
9