Page 6 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 6
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
осы санаттағы оқушылардың танымдық белсенділігінің
ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескере отырып
әзірленген.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту орыс тілінде жүретін ар-
найы мектептерде оқыту мақсаты – қарапайым түрде
күнделікті тұрмысқа, оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде
оқушылардың ауызекі сөйлесу, түсіну, өз ойын қазақ тілінде
жеткізе білу дағдыларын дамыту және әлеуметтік орта-
да қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру. Сонымен бірге орыс тілінде оқитын мек-
тепте қазақ тілін оқытудың қазақ мектептерінде қазақ
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тіліне оқыту тәсілдеріне қарай өзіндік ерекшеліктердің
болатынын есте ұстау керек. Қазақ мектептерінде өтілетін
қазақ тілі сабақтарында оқушыларға, негізінен, сол тілдің
грамматикалық құрылысының заңдары, тілдік әдеби норма-
сы үйретіледі. Ал орыс тілді мектепте өтілетін қазақ тілінің
мақсаты – оқушыларға қазақ тілін қатынас құралы ретінде
үйрету. Демек, ана тілін оқытумен басқа тілді оқыту бірдей
емес, оқыту әдістері де әртүрлі. Оқушылар күнделікті өмірде
қазақша сөйлесе білуге, өз ойын сауатты жеткізе алуға
міндетті. Ол үшін бағдарлама көлемінде көрсетілген жаттығу
бойынша жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сөз байлығын
молайтып, қазақша сөйлей, жаза білуге жаттықтырады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту міндеттері:
1) тәрбиелеу және балалардың жалпы танымдық
үдерістерін дамыту саласындағы міндеттер. Балалардың
интернационалдық, патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік
сезімдерін қалыптастыру, дамыту. Негізгі ұғымдар мен
құбылыстарды таныстыра отырып, балалардың жалпы
ой-өрісін, танымдық қабілеттерін (зейінін, есте сақтауын),
сөйлеу белсенділігін дамыту;
2) қазақ тілі фонетикасын игеру саласындағы міндеттер.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды жеке, сөзде, сөйлемде дұрыс
айтуға дағдыландыру. Қазақ тіліне тән үндестік заңын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4