Page 7 - Методика КАЗАК ТIЛI 8-класс ЯЗ-2
P. 7
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
практикалық түрде игеру, жуан, жіңішке дыбыстарды ажы-
рата білу;
3) сөздік қорын дамыту саласындағы міндеттер.
Тақырыптар бойынша қазақша сөздік қорын заттың атын,
сынын, қимылын білдіретін сөздермен толықтыру, молайту.
Жаңа сөздердің мағынасын түсіну, мағынасы бойынша топ-
тастыру. Сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме
сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
4) қазақ тілі грамматикасын игеру саласындағы міндеттер.
Көптік жалғауларды пайдалану арқылы заттың көпше
түрлерін анықтау, түсіну, қолдану дағдыларын қалыптастыру.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Зат есім қосымшаларының, септік жалғаулардың мағынасын
түсіну: түбір + қосымша үлгілерін практикалық түрде
меңгеру. Есімдіктің шағына, жағына қарай етістікті өзгерте
білуге, мағынасын түсініп қолдана білуге үйрету. Сөз жа-
сау және сөйлем құрау, мағынасын кеңейту дағдыларын
қалыптастыру. Сабақта өтілген сөздерді, сөйлемді
қарапайым орфографиялық, пунктуациялық ережелерді
сақтай отырып оқып, жаза білу;
5) байланыстырып сөйлеу тілін дамыту саласындағы
міндеттер. Диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі, жаз-
баша тіл) дағдыларын қалыптастыру. Берілген сұраққа жауап
бере білу, сұрақ қоя білу, бірнеше сөйлемдерден шағын мәтін
special.edu.kz. special.edu.kz.
құрастыру, қарапайым тақырып бойынша өз ойын жеткізе
білуге үйрету. Қазақ тіліндегі жарнамаларды, ісқағаздарын,
мәтіндерді оқып түсінуге машықтандыру. Қазақ тілі этикасы-
на байланысты сөйлеу мәдениетін меңгеру.
Қорытындылай келгенде, қазақ тілін оқытудың
негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-
қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір қазақ тілі сабағы –
мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі. Себебі әрбір
сөз қазақ елінің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін,
өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек оқыту орыс тілінде
жүретін арнайы мектептердегі оқушыларға қазақ тілін үйрету,
special.edu.kz. special.edu.kz.
5