Page 54 - Алгебра 1 бөлім 10 сынып
P. 54

Мысал: 7.  a                   7 және  d            4 болатын
                                     1
        арифметикалық прогрессияның графигiн

        салайық.

            Шешуi. Графиктi салу үшiн абсциссала-

        ры мүшелерiнiң нөмiрiне, ординаталары

        прогрессияның сәйкес мүшелерiне тең –7;

        –3; 1; 5; 9; … арифметикалық прогрессия-

        ның графигiн салайық.

            Салынған нүктелердiң барлығы бiр тү-

        зудiң бойында жататынын графиктен кө-

        руге болады (2-сурет).



           Қ       «Прогрессия» (лат. Progressio) сөзі
                   «алға қозғалу» («прогресс» сөзі сияқ-

        ты) деген мағынаны береді.

            Алғашқыда прогрессия деп кез келген

        сандар тізбегін атайтын, мысалы, натурал

        сандар тізбегі, олардың квадраттар мен

        кубтарының тізбегі. Орта ғасырлардың

        ортасында бұл термин жалпы қолданудан

        шықты.

            Бізге жеткен прогрессия туралы дерек-

        тер Ежелгі грек құжаттарында кездеседі.

        Б.з.д. V ғасырдың өзінде гректер 1, 2, 3, ...

                                                                                    53
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59