Page 13 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
үнемі сұрақтар қою арқылы сүйемелдеп отыру керек. Ол
үшін мынадай басты мақсаттарды іске асыру қажет:
• балалардың білімін, икемділігін, дағдыларын байқаумен
тексеру (оқу, жазу сабақтарында);
• балаларды оқуға қызықтыру;
• балалардың жалпы және тілдік дамуындағы ерекше-
ліктерін айқындау;
• есту, көру дағдыларын дамыту;
• қолдың бұлшықеттерін шынықтыруға қатысты жұмыс-
тар жүргізу;
• фонематикалық есту қабілеттерін дамыту т.б.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұл топтағы оқушылар қазақ тілін оқып үйренуде мынадай
қателіктер жібереді:
• сөздерді жазғанда көп қателіктер жібереді;
• әріп, буын тастап кетеді;
• әріптің үстіне әріп жазады;
• әріптерді қосып жазбайды, жолдан шығып кетеді.
Осыны болдырмау әдісі:
– буынды, сөзді, сөйлемді жазғанда кеспе әріптермен
жұмыс жүргізу керек;
– суреттер арқылы тілін дамытып, сөзді дәптерге жаз-
дыру;
– талдаудың ізімен анализ жасап, оқытып жаздыру.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Осындай талдаудың арқасында оқушылар қателіктерін
жояды, фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды,
сөздік қоры артады.
4. ІV топтағы оқушылар көмекші мектепте қолданылатын
оқу материалдарының өзін ең төменгі дәрежеде қабылдай-
ды. Оларға жалпы оқу үдерісіндегі түсіндірулер жеткіліксіз.
Оларға тапсырма беруде, жаңа сабақты меңгертуде көпте-
ген тәжірибелер мен жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдануды,
мұғалім тарапынан нақты бақылауды қажет етеді. Ол үшін
олармен жеке сауат ашу кезеңінде қойылатын талаптармен
жұмыс жүргізіледі:
special.edu.kz. special.edu.kz.
11