Page 11 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ
Зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған көмекші
мектептердегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде профес-
сор А. А. Воронкованың жүйесі бойынша 4 топқа бөледі:
1. І топтағы балалар көбіне бағдарламада берілген ма-
териалды толық меңгеріп, өздігінен берілген тапсырманы
орындай алады, тапсырмадағы кейбір өзгерістерді тез ұғып,
жаңа сабақты тез меңгереді. Мұндай топтағы оқушылар,
special.edu.kz. special.edu.kz.
алған білімдерін машықтық жұмыста көрсете алады. Сон-
дықтан қазақ тілі сабағында І топтағы оқушылар, дыбыс-
тық – әріптік талдауды жеңіл меңгеріп кетеді, сонымен қатар
оқу, жазу және дұрыс жаза білу дағдыларын тез үйреніп
алады.
Мысалы, өзіне бөлек тапсырма белгіленген парақша
беріп, оқушының ойлау қабілетінің қаншалықты дәрежеде
дамығандығы бақыланады. Оны дәптеріне көшіріп, оған
талдаудың ізімен анализ жасай отырып оқып жаза алады.
Осындай талдаудың арқасында оқушы қатесін жояды, фо-
нематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөздік қоры
артады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
2. ІІ топтағы оқушылар – бағдарлама бойынша оқытуда
көп қиындық келтірмейді. Бірақ, І топтағы оқушылармен
салыстырғанда көптеген қиындықтарға ұшырасады. Олар
көбіне мұғалімнің көмегінсіз өтілген материалдың ең қарпа-
йым түрін де қорытындылай алмайды, осыған байланысты
оның түсініп қабылдау кемшіліктерін түзете отырып мынадай
мақсаттар қойылады:
– Балаларға қажетті терминдерді меңгерту, мағынала-
рындағы айырмашылықтарды ажыратып түсіндіру.
– Балалардың айналадағы заттарды, құбылыстарды
тікелей бақылау, сұраққа толық жауап беру, суретке қа-
special.edu.kz. special.edu.kz.
9