Page 9 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 9

special.edu.kz.
 special.edu.kz.
 special.edu.kz.        ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
                                           special.edu.kz.
           ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ



             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалы жеңіл ақыл-
           ой кемістігі бар балаларға арналған қазақ тілін оқытудың ар-
           найы әдістемесіне сәйкес келетін оқу материалдары берілген.
             Әдістемелік құрал мұғалімге оқулық тапсырмаларын дәйек-
           тілікке және білім беру бағдарламасына бағыттайтын кесте-
           лермен аяқталады. Әр тақырып бойынша оқушының қызметін
           сипаттау арқылы тұжырымдалған күтілетін нәтижелер қа-
           лыптастырылады.  Оқу  үдерісінде  бағдарлама  бойынша
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           өтілетін әртүрлі тақырыптар қарастырылады.
             Оқушылардың енжар сөздік қоры жаңа сөздермен және
           терминдермен толықтырылады. Содан кейін оқушыларды
           белсенді сөйлеуде жаңа түсініктерді қолдануға ынталандыру
           қажет.
             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі әрбір тапсырма бойынша
           мұғалімнің кеңесі беріледі. Тапсырма анық және баяу ай-
           тылады. Сұрақты бірден қайталамай, балалар естігендерін
           ойланып түсінетіндей мүмкіндік туғызу қажет.
              Жасыл дөңгелек қиындықтың бірінші (төмен) деңгейін
           білдіреді. Бұл тапсырмаларда оқушы нысанның суретін не-
           месе мұғалімнің сипаттап көрсеткен сюжеттік бейнесін оқып,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           көрсету керек. Сары дөңгелек оқыту міндетінің күрделілігінің
           екінші (орташа) деңгейін көрсетеді, ол қазақ тілін  түсінуді
           және терминологиясын өз сөзінде қолдануды, оны мұғалімге
           қайталауды қамтиды. Қызыл  дөңгелек күрделіліктің үшінші
           (жоғарғы) деңгейін көрсетеді. Ол суреттерде көрсетілген
           бейнелерге өздігінен сипаттама беріп, ережеге сай тап-
           сырмаларды талдап, түсіндіріп бере алатындай дәрежеге
           жетуі көзделеді. Оқушылардың тапсырмасының күрделілігі
           оқушылардың әртүрлі қызметтегі жетістіктерін бақылау негі-
           зінде таңдалады. Әрбір оқушыға берілетін тапсырмалардың
           күрделілігін біртіндеп арттырып отыру керек. Барлық оқушы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14