Page 8 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ескерілген, оқулықпен жұмыс дәптерінде тиісті шартты бел-
гімен көрсетілген. Бастауыш сыныптардың барлық пәндері-
нің арасында өзара сабақтастық пен байланыстың болуы
мақсатында оқулық пен жұмыс дәптерінің мазмұны «өзім
туралы; менің мектебім; менің отбасым және достарым;
бізді қоршаған әлем; саяхат; салт-дәстүр, мерекелер; тағам
және сусын; дені саудың – жаны сау» сияқты бөлімдерге
бөлу арқылы қарастырылған.
«Қазақ тілі» пәні басқа да, «Оқу және тіл дамыту»,
«Айналадағы әлем», «Бейнелеу өнері», «Қол еңбегі» оқу
пәндерімен тығыз байланысты жүргізіледі. Бұл сабақтар-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
да балалардың енжар сөз қорының белсенді сөз қорына
ауысуына, сөйлем құрау дағдыларының дамуына, тіл ды-
быстарын дұрыс айтып бекітуіне, сөйлеудің просодикалық
жағының жетілуіне қолайлы жағдай туындайды; танымдық
ерекшеліктеріне сай балалар өз ойын жеткізуге дағдыла-
нады, қазақ халқының мәдениетін құрметтеп, меңгеруге
тәрбиеленеді; эстетикалық талғамдары, ойлау, қабылдау,
ауызша сөйлеу тілі дамиды.
Бұл оқу-әдістемелік кешенді жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушылар оқитын арнайы сыныптар мен инклюзивті білім
беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда пайдалануға бо-
лады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
6