Page 12 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рап әңгіме құру бойынша әртүрлі машықтық жұмыстар
жүргізу.
Оқыту жүйесінде экскурсияның білімдік және тәрбиелік
мәні өте зор және оқушыға тақырыпты толық ұғынуға кө-
мектеседі. Оқу мен жазуды үйрету барысында оқушылар
фонетикадан алған бірқатар мәліметтерін еске түсіру үшін
әр сабақтың алдында қайталап отырады. Себебі, ақыл-ойы
кем балалардың даму жетіспеушілігіне не жататынын аңға-
руымыз қажет. Мысалы, олар:
• Сөздерді буынға бөле алмайды, бөлген жағдайда кем-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шіліктер жібереді.
• Сөйлем құрауда мағыналарына жіті көңіл бөлмейді,
орындарын ауыстырып жазады. Мұндай олқылықтарды
болдырмау үшін жаңа сабақты бастамас бұрын сөзді буынға
бөлдіріп, буын санын сұрай отырып дыбыстардың дауыс-
ты, дауыссыз болатынын, қайсысы қай топқа жататынын
графикамен сыздырып, ал буынға бөлуде қол шапалақтату
арқылы буын санын тез табуға көңіл бөлінеді.
3. ІІІ топтағы оқушыларға бағдарламалық материалды
меңгертуде көп қиындықтар кездеседі, олар әр уақытта
жаңа сабақты түсінуде оларға заттық материалдар мен
ауызша – логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
көрнекіліктерді мол пайдаланғанды қажет етеді. Себебі,
олардың ойлау, есте сақтау қабілеттері тек қана көру, есту
дағдысына байланысты дамиды. Ең біріншіден, оқушыны
айтылатын нәрсенің ең қарапайым түрімен таныстыру ке-
рек. Оқушыға осы қарапайым дағдыны меңгертудің өзі көп
жұмысты қажет етеді.
Жалпы оқу үстінде жаңа материалды бірден түсіне
алмайды, оларға қайта-қайта қосымша түсіндіруді қажет
етеді. Өздігінен жұмыс істеу қабілеті жоқ. Екінші топтағы
балаларға қарағанда сабақты ұғыну үдерісі өте төмен.
Мұндай оқушылардың білу дағдыларын қалыптастыру үшін
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10