Page 6 - Методика КАЗАК ТIЛI 3-сынып
P. 6
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2) күнделікті тұрмыстық жағдайларда, қолжетімді іс-әре-
кет барынша өздігінен қатынас жасауға қажетті тілдік білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру;
3) оқушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып,
мағынасын түсінуге үйрету;
4) өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге, басқа адам-
дармен қарым-қатынасқа түсуге үйрету;
5) сөз байлығын дамыту, жетілдіру;
6) сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру;
7) диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын, сөйлеу
мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын бақылауын қалып-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тастыру, дамыту;
8) қарапайым орфографиялық және пунктуациялық ере-
желерді практикалық түрде меңгерту;
9) оқушылардың сабаққа, ересектермен және сыныптас-
тармен қатынас жасауға қызығушылығын дамыту.
Оқу-әдістемелік кешен құрамына оқулық пен оқушыларға
арнайы дайындалған жұмыс дәптерімен қатар осы әдісте-
мелік құрал кіреді. Оқулық құрылымында бағдарлау аппара-
ты: аңдатпасы, алғы сөзі, мазмұны, көрсеткіштері, шартты
белгілері көрсетілген. Оқулық мазмұны жүйелі, ретті және
қисынды құрылған.
«Қазақ тілі» оқулығында оқу бағдарламасында көзделген:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамы-
ту; өздігінен қатынас жасауға қажетті тілдік білім, білік және
дағдыларды қалыптастыру; сөз байлығын дамыту, сөйлем
құрау дағдыларын жетілдіру; сөйлеу дағдыларын, сөйлеу
мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын бақылауын қалып-
тастыру; қарапайым орфографиялық және пунктуациялық
ережелерді меңгерту міндеттерінің мәні ашылған.
Нақты «Қазақ тілі» пәнінде оқу және жазу жұмыстары
өзара тығыз байланыста қатар жүреді, осы бағытта жұмыс
дәптерінде түрлі практикалық тапсырмалар ұсынылады.
Жұмыс дәптерінде орындалатын жаттығу мен тапсырмалар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4