Page 16 - 5.2.3
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Зерде бұзылыстары бар оқушыларды табысты түрде
оқыту олардың оқу материалдарын меңгерудегі жеке ерек-
шеліктерін ескерусіз мүмкін емес. Жеке дара көзқарас білім
беру мониторингі (педагогикалық бақылау) негізінде жүзеге
асырылады. Мониторинг дегеніміз – мақсаттарға жетуді
special-edu.kz. special-edu.kz.
бағалау. Мониторинг кері байланысты орнатуға ықпалдасып,
әр оқушыны оқытудың барынша жоғары мақсаттарына жету
үшін қажет пән бойынша оқу үдерісін реттеу (оқыту қарқыны,
әдістері мен амалдарын өзгерту) негізінде болады. Монито-
рингті (педагогикалық бақылауды) жүзеге асыру үшін әр
тақырып бойынша жобаланған бақылау тапсырмалары
дайындалды. Олар оқу тақырыптарының әр технологиялық
карталарынан кейінгі оқу үдерісі жобаларында берілген.
Әр тақырып бойынша бақылау тапсырмаларының
күрделілігі (меңгерілген материалды қайталаумен байланысты
тақырыптардан басқа) әртүрлі деңгейдегі мақсаттарға сәйкес
дайындалған. Тақырып аясында оқу материалын меңгеру
special-edu.kz. special-edu.kz.
үшін ұйымдастырылатын оқу тапсырмалары (оқығанды
тексеруге арналған) қолданылады. Тақырыптық бақылау
оқу жоспарының тақырыбы бойынша жұмыс аяқталған соң
сабақта орындалады, оған сабақтың бір бөлігі арналады.
Орындалған тапсырмалардың қорытындыларынан басқа
педагог сабақ барысында оқушының жұмысын күнделікті түрде
бақылау кезінде алған ақпаратты ескеруі қажет. Бақыланған
жағдаяттар бойынша қысқаша жазбалар сабақтың ақпарат-
тық картасына енгізілуі мүмкін. Зерде бұзылыстары бар
оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында тестілерді
қолдану ұсынылмайды, себебі тестілеудің шарттарын жете
түсінбеу ұсынылып отырған тапсырмаларды табысты түрде
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындауға кедергі болуы мүмкін. Бұл жағдай ойлау қабі-
летінің кемшіліктері және басқа жағдаятқа ауысу кезіндегі
қиындықтармен байланысты.
Мұғалім күнтізбелік жоспардың әр тақырыбы аясындағы
оқушылардың табыстарын оқу жетістіктерінің картасына
14